1. Аминқышқылдары: құрылысы, классификациясы, қышқылды-негізді қасиеті, аминқышқылдарының изоэлектрлік нүктесі


Фибриллярлы нәруыздардың биологиялық рөлі. Кейбір маңызды фибриллярлы нәруыздардың құрылысының ерекшеліктері (коллаген, эластин, фиброин, кератин және т.б.)



бет4/8
Дата14.09.2022
өлшемі32,99 Kb.
#149532
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
бх

6. Фибриллярлы нәруыздардың биологиялық рөлі. Кейбір маңызды фибриллярлы нәруыздардың құрылысының ерекшеліктері (коллаген, эластин, фиброин, кератин және т.б.).
Нәруыздар молекулалық пішініне қарай глобулалы және фибрилді болып екі топқа бөлінеді.Адам ағзасындағы көптеген жеке нәруыздар глобулалы нәруыздарға жатады.Фибрилді нәруыздар жіп тәрізді ұзынша келген нәруыздар.Фибрилді нәруыздарға адам ағзасында құрылымдық қызмет атқаратын коллаген,эластин,кератин және бұлшықеттердің жиырылуына қатысатын миозин,қан ұйытушы жүйе фибрин жатады.
Коллаген-дәнекер ұлпаларынан түзілген фибрилді нәруыздар болып табылады.Жасушааралық матриксте коллагендер коллаген фибрилдері деп аталатын полипептидтік тізбек түзеді.Коллаген фибрилдері өте берік және созылмайды.Олар өзінен 10000 есе ауыр жүкті көтере алады.Коллаген фибрилдерінен коллаген талшықтары тері,сүйек,шеміршек жатады.Коллагенде триптафан мен лейцин мүлдем болмайды.
Эластин-өте үлкен ауыр жүкті көтере алатын мықты фибрилдер тобына жатады.Коллагенмен салыстырғанда эластин резинаға тән қасиет көрсетеді.Эластин 800 аминқышқылының қалдығынан тұрады,олардың арасында радикалды полюссіз байланысқан валин,глицерин,лейцин көп кездеседі.Эластинде көп мөлшерде лизин мен протолин болады,ал гидросопролин аз мөлшерде гидроксолизин мүлде болмайды.Эластиннің негізгі қасиеті ол бастапқы ұзындығына қарағанда бірнеше есе ұзара алады және сол кезде өзінің беріктігін сақтайды.Жүк түскеннен кейін қайта қалпына келеді.


7. Нәруыздардың денатурациясы мен ренатурациясы. Денатурацияға ұшыраған
нәруыздардың қасиеттері.
Нәруыздар екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстар әлсіз болғандықтан,олар оңай үзіліп,нәруыздардың құрылымдық кеңістігі бұзылады.Бұл нәруыздардың денатурациясы деп аталады.Нәруыздардың денатурациясы кезінде пептидтік байланыстар үзілмейді және бірінші реттік құрылым өзгермейді.Денатурацияға ұшыраған белоктар биологиялық функцияны атқара алмайды.
Рибонуклеазаны денатурациялаушы агент және макроптоэтанолдан диализ жолымен тазартса белоктардың биологиялық активтілігі қайта қалпына келеді.Бұл процесс нәруыздардың ренатурациясы деп аталады.Нәруыздардың ренатурациясы кезінде нәруыздардың екінші және үшінші реттік құрылымдары қайта қалпына келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет