1. Аминқышқылдары: құрылысы, классификациясы, қышқылды-негізді қасиеті, аминқышқылдарының изоэлектрлік нүктесі



бет1/8
Дата14.09.2022
өлшемі32,99 Kb.
#149532
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
бх
Критериалды бағалау түсінігі-emirb.org

1.Аминқышқылдары: құрылысы, классификациясы, қышқылды-негізді қасиеті, аминқышқылдарының изоэлектрлік нүктесі.
Аминқышқылдары нәруыздың құрамды бір бөлігі.Ол органикалық қышқылдардың аминді туындылары болып табылады.Адам ағзасындағы нәруыздардың құрамында 20 шақты амин қышқылы кездеседі.Амин қышқылдары химиялық қасиетіне байланысты алифатты,ароматты және гетероциклді болып 3 топқа бөлінеді.Физиологиялық және биологиялық құндылығына қарай алмастырылатын,алмастырылматын және жартылай алмастырылатын деп бөлінеді.Алмастырылмайтын амин қышқыладры ағзада басқа заттардан синтезделмейді,сондықтан тағаммен бірге түсуі қажет.Оларға валин,лейцин,изолейцин,треонин жатады.Жартылай алмастырылатын амин қышқылдары ағзада басқа заттардан аз мөлшерде синтезделеді,жеткіліксіз болғандықтан тағаммен бірге түсуі қажет.Оларға аргинин,гистидин,тирозин жатады.Алмастырылатын амин қышқылдары ағзада жеткілікті мөлшерде бөлініп отырады.Бұл топқа аланин,аспарагин,аспарагин қышқылы,глутамин,глутамин қышқылы жатады.Амин қышқылдары амфотерлі қасиет көрсетеді.Себебі оның құрамында қышқылдық қасиет көрсететін карбокси тобы мен негіздік қасиет көрсететін амин тобы болады.Амин қышқылдарының бұл қасиеті ақуыздарға тән.Ақуыздардың макромолекуласының амфиион көрсететін рН болады.Қышқылдық ортада-оң,сілтілік-теріс болады.Ақуыз макромолекуласының зарядының жинағы нөлге тең болатын рН мағынасын аминқышқылдарының изоэлектрлік нүктесі деп атайды.Изоэлектрлік нүктеде ақуыздар анодқа немесе катодқа жылжымайды,ақуыздар жеңіл тұнбаға түседі.Изоэлектрлік нүктенің мағынасы ақуыздардың концентрациясы әсер етпейді.


2. Нәруыздардың құрылымдық ұйымдасуы: нәруыздардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік, төртіншілік құрылымдары.
Нәруыздар аминқышқылдарының мономері болып табылады.Адам ағзасындағы нәруыздардың құрамында 20 шақты амин қышқылдары кездеседі.Нәруыздардың кеңістікте орналасуының бірнеше түрлері бар.Олар біріншіреттік,екінші реттік,үшінші реттік және төртінші реттік.
Бірінші реттік құрылым.Нәруыздардың пептидтік тізбегіндегі амин қышқылдары белгілі бір қатаң тәртіппен орналасқан.Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдарының түзу тізбекті болып орналасуы нәруыздардың бірінші реттік құрылымы деп аталады.Әрбір бірінші реттік құрылым ДНҚ-ның ген деп аталатын бөлігінде кодталған.Адам ағзасындағы 50000 нан астам нәруыздардың өзіне тән ерекше бірінші реттік құрылымдары болады.Бірінші реттік құрылымдарды зерттеудің медицинада және биологияда маңызы зор.Бірінші реттік құрылымды анықтау 2 кезеңнен тұрады.Олар нәруыздардың құрамындағы аминқышқылдарының құрамын анықтау және аминқышқылдарының орналасу ретін анықтау.
Екінші реттік құрылым.Нәруыздардың екінші реттік құрылымы пептидті тізбектің бойындағы функционалды топтардың әрекеттесуі нәтижесінде түзілген кеңістікті құрылым.Екінші реттік құрылым альфа-спираль және бета-қатпарлы структура түрінде болады.
Үшінші реттік құрылым.Нәруыздардың үшінші реттік құрылымы полипептидтік тізбектің бірінен бірі белгілі бір қашықтықта орналасатын радикалды тізбектің нәтижесінде түзілген үш өлшемді кеңістікті құрылым.Үшінші реттік құрылымды байланыстарға иондық,сутектік байнаныстар және гидрофобты,дисульфидті әрекеттесулер жатады.Егер рН химиялық құрамы және факторлары өзгеретін болса онда нәруыз өз қасиетін жояды.
Төртінші реттік құрылым.Олигомерлі нәруыздардың полипептидті тізбек бойында орналасуы төртінші реттік құрылым деп аталады.Төртінші реттік құрылымды түзетін полипептидтік тізбектерді протомерлер немесе суббірліктер деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет