5. Күрделі нәруыздар. Күрделі нәруыздарға сипаттама (хромопротеиндер, фосфопротеиндер, липопротеиндер, гликопротеиндер, металлопротеиндер, нуклеопротеиндер). Нәруыздар химиялық құрылысы бойынша жай және күрделі нәруыздар болып екіге бөлінеді.Күрделі нәруыздар 2 компоненттен тұрады.Ол жай нәруыз-апопротеиннен және простетикалық топтан тұрады.Простетикалық топқа нуклеин қышқылдары,көмірсулар жатады.Күрделі нәруыздар құрамында простетикалық тобының болуына байланысты 6 топқа бөлінеді.Олар хромопротеидтер,липопротеидтер,гликопротеидтер,металлопротеидтер,нуклеопротеидтер,фосфопротеидтер.
Хромопротеидтер-түсті ақуыздар.Олардың құрамында ақуыздың емес компонент гем болады.Бұл топқа миозин,гемоглобин және цитохромдар жатады.
Фосфопротеидтер құрамында 1 пайызға дейін фосфор болатын дикарбон қышқылдары жатады.Олардың өкілдеріне казеиноген,овальбумин,ихтулин,пепсин жатады.Казеиноген сиыр сүтінде 80 пайыз,ана сүтінде 30 пайыз кездеседі.Овальбумин жұмыртқа ақуызында,ихтулин балықта көптеп кездеседі.
Липопротеидтер-еритін және ерімейтін күйде болады.Ерімейтін липопротеидте биологиялық мембранада болады,ал еритін липопротеидер қан плазмасының 500-700 мг кездеседі.Электрофорез әдісімен липопротеидтерді альфа және бета деп екі топқа бөліп қарастырады.Альфа-липопротеидтер қан плазмасының 3 пайызын құрайды,оның 35 пайзы липопротеидтерден,35 ақуыздан тұрады.Бета-липопротеидтер қан плазмасының 5 пайызын құрайды,оның 29 пайызы фосфопротеидтерден,39 пайызы холестерин қышқылынан тұрады.Еритін және ерімейтін липопротеидтердің протеолипидтер деп те атайды.
Гликопротеидтер-құрамында ақуыздың компоненттен басқа көмірсулық компонент болады.Көмірсулық компоненттерге манноза,галактоза,мукоза,нейромин және сиал қышқылдары жатады.Гликопротеидтер қорғаныштық,тіректік,тасымалдаушы,дәнекерлеу қызметін атқарады.Гликопротеидтердің ақуыздық бөлігі коллагендерден тұрады.
Металлопротеидтер-құрамында металл болатын ақуыздар.Оларға құрамында темірі бар-трансферрин,ферритин,мыс бар-церулоплазмин жатады.
Нуклеопротеидтер-простетикалық тобы нуклеин қышқылдары болатын ақуыздар.Оларға простетикалық тобы ДНҚ болатын дезоксинуклеопротеидтер мен РНҚ болатын рибонуклеопротеидтер жатады.