Тақырыбы:Ми
Ми біздің жалпы салмағымыздың бар-жоғы екі-ақ пайызын құрайды. Адам тамақтанбай салмағының 50 пайызын жоғалтса, ал ми өз салмағының тек 15 пайызын ғана жоғалтады екен.
Ми ешқашанда ұйықтамайды. Ғалымдардың айтуы бойынша күндізгі уақыттан ғөрі түн кезінде мидың жұмыс істеу жиілігі артады.
Адам білімпаз болған сайын оның ауруға шалдығу мүмкіндігі азая түседі.
Миға әйелдердің әңгімесінен гөрі еркектердің әңгімесін қабылду жеңілірек келеді екен. Себебі адам дауысы мидың әр бөлігіне әр түрлі әсер етеді. Әйелдердің дауысы жіңішке, баяу әрі әуезді түрде шыққандықтан оны түсіну үшін ми өзінің қосымша ресурстарын пайдаланады.
Ми денеден кеш оянады. Адам ерте ояна салып жұмыс істегенмен миының жұмыс істеу көрсеткіші төмен болады.
Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.
Сонымен қатар ұялы телефонды жиі пайдалану ағза клеткаларын өлтіріп, ми жұмысын төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |