ҚМЖ: Пайыз
Мектеп : №25 жалпы орта білім беру мектебі
Күні: Мұғалімнің аты жөні: Ризабек Ниязхан
Сынып: 5 «А» Қатысқандар – 190 Қатыспағандар – 0
|
Сабақ тақырыбы
|
Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу
|
Осы сабақта қолжеткізетін оқу мақсаттары
|
5.1.2.34
берілген санның пайызын табу;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар орындай алады: берілген санның пайызын табу өрнегін жаза алады, сандық мәнін таба алады;
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: пайыздық арттыру және пайыздық кемітуге берілген есептерді шығара алады.
Кейбір оқушылар істей алады: күрделі есептерді шешуде пайызды талдап, өз ойын дәлелдей алады.
|
Бағалау критерийі
|
Білу
-берілген санның пайызын табады.
Түсіну :
-Пайыздық арттыру мен пайыздық кеміту есептердің өрнегін құрады, шешімін табады.
Қолдану:
-Күрделі есептерде пайызды талдайды, өз ойын дәлелдейді
|
Тілдік мақсаттар
|
1)Пәндік мақсат: Оқушылар пайыз тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды, терминдерді, санның пайызын табуды білетін болады.
2)Тілдік мақсат:
- Санның пайызын табуды түсіндіре алады;
- пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады;
3) лексика мен терминология: пайыз, санның пайызы, берілген сан, пайыздық арттыру және кеміту
|