|
ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
|
044 -30/9-18-
03.3 - ( )
41 беттің беті
|
Тәжірибелік және зертханалық сабққа арналған әдістемелік өңдеу
|
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Биохимия, биология және микробиология кафедрасы
Тәжірибелік және зертханалық сабаққа
арналған әдістемелік өңдеу
Пән: Биологиялық химия
Мамандығы: Фармация
Курсы: 3
Шымкент – 2013 ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілген
хаттама № 2013ж
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к.: Есіркепов М.М.
Кредит 1
№ 1 сабақ
1. Тақырыбы: «Нәруыздардың құрылысы мен функциялары. Нәруыздардың физика-химиялық қасиеттері.»
2. Мақсаты:
ауруларды емдеуде және диагностикасындағы биохимияның рөлі туралы білім алу;
әртүрлі биохимиялық зерттеу әдістерімен танысу;
аминқышқылдарының қасиеттері, құрылысы және олардың жіктелуі туралы білім алу;
нәруыздардың құрылымдық ұйымдасуы және олардың физика-химиялық қасиеттері туралы түсінік алу.
3. Оқыту мақсаты:
1. протеиногенді аминқышқылдардың физика-химиялық қасиеттері, құрылысы және жіктелуі туралы білімді қалыптастыру;
2. нәруыздардың құрылымдық ұйымдасу сатыларымен таныстыру;
3. нәруыздарды бөлу және тазалау әдістерінің қағидаларын олардың физика-химиялық қасиеттеріне сүйене отырып түсіндіру;
4. нәруыздардың физика-химиялық қасиеттеріне ауыр металлдардың
тұздарының, сілтілердің, қышқылдардың, температураның әсерін
түсіндіру.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Биохимияға кіріспе. Биохимия пәні және оның міндеттері.
2. Биохимиялық зерттеу әдістері.
3. Аминқышқылдары: құрылысы, жіктелуі, қышқылды-негіздік қасиеті, аминқышқылдардың изоэлектрлік нүктесі.
4. Нәруыздардың құрылымдық ұйымдасуы. Бірінші реттік құрылысы.
5. Екінші реттік құрылысы: альфа –серіппелі және бета-қатпарлы құрылым.
6. Үшінші реттік құрылысы: глобулярлы және фибрилярлы нәруыздар.
7. Төртінші реттік құрылысы: Доменді ақуыздар.
8. Нәруыздардың денатурациясы мен ренатурациясы. Денатурленген нәруыздардың қасиеті.
9. Нәруыздар амфотерлі макромолекулалар ретінде. Нәруыздардың изоэлектрлі нүктесі.
10. Нәруыздардың буферлі, коллоидты және осмостық қасиеттері. Нәруыздардың гидратациясы, тұздау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері:
Семинар, алғашқы білімді деңгейін бағалау.
6. Әдебиет:
Қазақ тілінде
негізгі:
1. Т.С. Сейтембетов, Биологиялык химия, Алматы-2011 ж.
2. С.О. Тапбергенов, Медициналық биохимия, Алматы-2011ж
3.С.Сеитов, Биологиялық химия, 2012ж.
4. П.К.Кенжебеков, Биологиялық химия (арнайы бөлімдері), -Шымкент, 2005 ж.
қосымша:
1. Биохимия сұрақтары мен жауаптары. ҚР ҰҒА корр., проф. С.М.Адекеновтің ред.басшылығымен.-Алматы, 2011
Орыс тілінде
негізгі:
1. Тапбергенов С.О. Медицинская биохимия.- Астана, 2001.
2. Березов Т.Т., Коровкин Б.Ф. Биологическая химия.- М., 2007.
3. Биохимия, под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М., 2011
4. Строев Е.А. Биологическая химия. 1986, Москва,
5. Николаев А.Я. Биологическая химия. Москва, М., 2007
қосымша:
1. Комов В.П. Биохимия: учеб. Для вузов-М., 2008
2. Кухта В.К. Основы биохимии – М., 2007
3. Биохимия. Тесты и задачи: Учебное пособие для студентов медвузов ,
под ред. Чл.-корр. РАН, проф. Е.С. Северина.- М.,2005.
4. Биохимия в вопросах и ответах. Под. Ред. чл.-корр. НАН РК, д.х.н.,
проф. С.М.Адекенова.-Алматы, 2011
Ағылшын тілінде
1. Lehninger «Principles of biochemistry», Fourth Edition, David L. Nelson, Michael M. Cox, 2005.
2. Murray R. K., Granner D.K., Mayes P.A., Rodwell V.W., Harpers Biochemistry. 1988.
3. Saini A.S. , Kaur J., Textbook of biochemistry.-New Delhi, 1995.
7. Бақылау:
Тест тапсырмалары.
1. Радикалдардың полярлығына қарай аминқышқылдарын жіктеңіз.
гли а) полярлы, катионды тобы бар
Асп б) полярлы, анионды тобы бар
Асн г) полярлы зарядталмаған
Глу д) полярсыз
Гис
Сер
Про
Мет
Цис
Гли
2.Тетрапептидтің дұрыс жауабын атаңыз.
H2N-CН-CO-NH-CН-CН NH-CН-CO-NH-CH2-COOH
CH(СН3)2 СН2С6Н5 CН(ОН)СН3
а) Валин фенилаланин треонинглицин
б) глицин треонин фенилаланин валин
в) валилфенилаланилтреонилглицин
г) глицил фенилаланин треонил валин
д) глицил фенилаланин треонил валин
3. Ақуыздардың әртүрлі құрылыс деңгейлері белгілі байланыстар түрімен тұрақтанады. Нөмірленген деңгейлерге сәйкес келетін әріпті таңдаңыз. Бір санға бірнеше әріп сәйкес келуі мүмкін.
а) бірінші реттік құрылыс
б) екінші реттік құрылыс
в) үшінші реттік құрылыс
г) төртінші реттік құрылыс
а) АҚ бүйірлік топтарындағы карбоксил және аминдердің арасындағы байланыс
б) АҚ альфа аминқышқылдары және альфа карбоксил топтарының арасындағы байланыс
в) цистеиннің радикалдары арасындағы байланыс
г) пептидті топтардың сутектік байланыстары
д) бүйірлік топ аралық гидрофобты әсерлесу
4. Гидрофильді глобулярлы нәруыздардың үшінші реттік құрылысының ұғымына төмендегі келтірілген қандай тұжырымдар сәйкес келеді.
а) екі немесе бірнеше полипептидті тізбектен құралады
б) сутектік ионды дисульфидті байланыстар және гидрофобты әсерлесулер арқылы тұрақтанады
в) нәруыз глобуласының орталығында полипептидті тізбектің гидроробты бүйірлік топтары орналасқан
г) аминқышқылдардың бүйірлік топтары үшінші реттік құрылысты тұрақтандыруға қатынасады
д) бір полипептидті тізбектен түзіледі.
а,б,г,д 2. а,в,г,д 3. б,в,г,д 4. а,г,д 5. барлығы
Биохимиялық қасиетінің қайтымсыз өзгерісі
а) тек тұздалуға тән.
б) тек денатурацияға тән.
в) екі процеске де тән.
г) екі процеске де тән емес.
6. Сәйкестікті табыңыз:
1.Бейтарап ақуыз. а) сілтілік ортада
2. Қышқылды ақуыз б) бейтарап ортада
3. Сілтілік ақуыз в) қышқылды ортада
7. Ақуыздардың жеке өкілдеріне бөлу және тазалау физикалық-химиялық қасиеттерінің қандай айырмашылықтарына негізделген?
1-иондану
2-гидратация
3-молекулалық масса
а) ультрацентрифуга әдісі
б) электрофорез әдісі
в) гель-фильтрация
г) ионды алмасу хроматография
д) бейтарап тұзды ерітінділер
е) диализ әдісі
Нәруыз изоэлектірлік нүктеде.
а) ерігіштікке ие
б) зарядқа ие
в) катион болып табылады
г) анион болып табылады
д) электірлік өрісте өте үлкен жылдамдыққа ие.
Глобулярлы ақуыздарға жатады.
а) миозин
б) креатин
в) фиброин
г) гемоглобин
д) актин
Фибриллярлы ақуыздарға жатады
а) лиозин
б) альбумин
в) пепсин
г) глобулин
д) актин
11. Изоэлектірлік нүктенің өлшем бірлігі
а) заряд саны
б) джоуль
в) сантиметр
г) рН мәні
д) грамм
12. Сау адамның қан плазмасындағы ақуыз құрамы
а) 45-55 г/л б) 55-63 г/л в) 65-85 г/л
г) 85-105 г/л
д) 105-115 г/л
Нәруыздарды тұздау арқылы тұндыру қандай жолмен жүреді
а) денатурация
б) зарядтың бейтараптануы
в) су қабатын жоғалтуы
г) зарядтың бейтараптануы және су қабатының жоғалуы
д) денатурация және зарядтың бейтараптануы
Достарыңызбен бөлісу: |