72. Жүрек бүкірі дегеніміз: A. прекардиальды аймақта пульсация болуы
B. эпигастрий аймағында пульсация болуы
C. ІІ қабырға аралықта оң жақта пульсация болуы
+D. жүрек тұсында кеуде қабырғасының дөңістенуі ( ІІІ-IV кабырға аралықта төстің сол жақ қырында)
E. жүрек түрткісі
73. Тахикардияға қайсысы жатады? +A. пульс минутына 90 реттен көп
B. пульс минутына 80 рет
C. пульс минутына 70 рет
D. пульс минутына 60- тан аз емес
E. пульс минутына 60 – тан аз
74. Пульс сиреуінің жүрек-тамыр жүйесі жағынан болатын себептерге жатпайды: A. Толық атриовентрикулярлық блок.
B. Қан қысымының тез жоғары көтерілуі, не тез төмен түсуі.
C. Синус ырғағының әлсіздік синдромы
D. Қолқа сағасының тарылуы.
+E. Невроздар
75. Аз, баяу пульс анықталуы қай кезде болады? +A. қолқа сағасының тарылуы B қолқа қақпағының жетіспеушілігінде
C. артериалдық гипертензияда
D. үшжармалы қақпақтың жетіспеушілігінде
E. тиреотоксикозда
76. Жүрек соққысымен синхронды, дем алған кезде жоғарылайтын айқын эпигастральді пульсация қандай жағдайда байқалады? +A. он жақ қарыншаның гипертрофиясында
B. ошақты пневмонияда
C. қолқа аневризмасында
D. он жақ жүрекшенің гипертрофиясында
E. өкпелік гипертензияда
77. Үлкен қан айналым шеңберінде қысым жоғарлап, іркіліс пайда болғанда қандай шағымдар айтылады? +A. оң жақ қабырға астында ауырсыну, аяқтардың ісінуі B. ентігу
C. жүрек аймағында ауырсыну
D. жөтел
E. қан түкіру
78. 1-2 жастағы балаларда жүрек ұшы түрткісі анықталады:
+A. V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан1 см. сыртқа
B. IV қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1 см. сыртқа
C. IV қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1-2 см. ішке
D. V қабырға аралығында бұғана орта сызығынан 1см. ішке
E. анықталмайды