294.Көк бауырдың ұлғаюын қалай атайды? А. гепатомегалия
B. гастроптоз
C. гиперспленизм
D. спленомегалия++
E.энтероптоз
295.Қан жасау жүйесінің қай ауруында толқын тәрізді қызба болады? А.геморрагиялық васкулитте
В. гемолиздік анемияда
С. В 12 тапшылықты анемияда
D.лимфагранулематозда+
E. жедел лейкозда
296.Қан жасау жүйесінің ауруы бар науқастарда геморрагиялық диатездің болуы неге байланысты? А. қанда эритроциттердің мөлшері азаюына
В.қанда қан жасушаларының ыдырауы өнімдерінің жоғарылауына
С.сүйек миы жасушаларының шектен тыс пролиферациясы мен оның гиперплазиясына
D. қанда цианокобаламин витаминінің тапшылығына
E. гемостаз жүйесіндегі бұзылыстарға ++
297. «Койлонихия» дегеніміз не: А.тырнақтың үстінде ақ таңбалардың болуы
B. тырнақтың дөңестенуі
C. тырнақтың қасық сияқты ішке майысуы+
D. тырнақтардың қабатқа бөлінуі
E. тырнақтрдың сынғыштығы
298.Қан жасау жүйесінің аурулары бар науқастарда жалпы бейспецификалық симптомдардың болуы неге байланысты?
А. организмде жүйелі гипоксияның болуына ++
B қанда цианокобаламин витаминінің тапшылығына
С.сүйек миы жасушаларының шектен тыс пролиферациясы мен оның гиперплазиясына
D. қанда темірдің тапшылығына
Е. гемостаз жүйесіндегі бұзылыстарға
299.Қай ауруға тіл ұшының күйдіруі тән? А. В12 –жетіспеушілік анемияға++
В. жедел лейкозға
С. теміртапшылықты анемияға
D. геморрагиялық васкулитке
E. лимфогранулематозға
300.Қан жасау жүйесінің қай ауруында ауызда дәм сезудің бұзылуы тән? А. В12 –жетіспеушілік анемияға
В. жедел лейкозға
С. теміртапшылықты анемияға++
D. геморрагиялық васкулитке
E. лимфогранулематозға
301.Қай ауруда лимфа түйіндері қатайып, бір бірімен қосылып конгломераттар түзеді? А.геморрагиялық васкулитте
В. гемолиздік анемияда
С. В 12 тапшылықты анемияда
D.лимфосаркомада++
E. жедел лейкозда