8. Қоғамда, техникада, табиғатта ақпараттық процестердің тұтастығы.
Кәзіргі уақытта ақпараттың,оны өңдеу,жеткізу,сақтау құралдарының маңызы орасан артты.Информатика мен есептеуіш тех-ка құралдары қоғамның ғылыми-тех-лық мүмкінділігін,халық шаруашылығының даму деңгейін,адамдардың өмір келбеті мен қызметін анықтауда. Ақпарат-ғылымның негізгі түсініктерінің бірі. Ақпаратты мақсатқа сай пайдалану үшін,оны алдымен алу,түрлендіру,жеткізу,жинау және жүйеге келтіру қажет. Ақп-пен жүргізілген осындай операциялармен байланысты барлық процестерді ақп-тық процестер деп атаймыз. Ақп-ты алу және оны өңдеу кез-келген ағзаның өмір сүруі үшін қажетті шарт болып табылады.Тіпті,қарапайым бір клеткалы ағза өздеріне қолайлы өмір сүру ортасын таңдап алу үшін,сол ортаның химиялық құрамы туралы ақпарат қабылдап,оны пайдаланады. Ал күрделі ағзалар қоршаған ортадан ақп-ты қабылдап қана қоймай,оны сезім мүшелерінің көмегімен өзара алмаса да алады. Ақп-тық процестер тек тірі табиғатқа,адамға,қоғамға ған тән емес. Адам жасаған тех-лық құрылғы автаматтардыі да жұмысы ақп-ты алу,жеткізу және сақтау процестерімен байланысты. Қоғам дамып,тех-лық байланыс құралдары пайда болғанна кейін,ғылым ақп-ты жеткізу құралдарыны көп көңіл бөле бастады. 19ғасырға дейін ақп-ты жеткізуші негізінен жазу болса,ал байланыс құралы пошта болды. Телеграф пен телефонның жасалуы,содан кейін радио мен теледидар және т.б байланыс құралдарының өмірге келуі ақп-ты жеткізу мен таратуына үлкен өзгерістер әкелді. Ақпарат ағынының үнемі өсуі оларды жеткізу жылдамдығы,оны тығыздығы,көлемі және оларды анықтау тәсілдері туралы мәселені көтерді. Осылайша ғылымның жаңа саласы-ақпарат мөлшері оны өлшеу әдістері және жеткізу жылдамдығымен қатар,байланыс сапасында қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: |