Тағы бірнеше анықтамаларды келтірейік:
• Ақпарат — бұл қоршаған ортаның объектілері жəне құбылыстары, олардың параметрлері,
қасиеттері мен күйлері туралы, олардағы анықталмағандық дəрежесін, білімнің толық еместігін кемітетін мəліметтер (Н.В. Макарова);
• Ақпарат —бұл энтропияны жоққа шығару (Леон Бриллюэн);
• Ақпарат — бұлқұрылым күрделілігінің өлшемі (Моль);
• Ақпарат — бұлəртүрліліктіңбейнеленуі (Урсул);
• Ақпарат — бұлбейнелену үрдісініңмазмұны (Тузов);
• Ақпарат — бұл таңдау ықтималдығы (Яглом).
Адамдар хабарламалар түрінде ақпараттармен алмасады. Хабарлама — бұл ақпараттардың əңгімелер, мəтіндер, қимылдар, көзқарастар, бейнелеулер, сандық мəліметтер, сызбалар, кестелер жəне т.б. түріндегі формасы.
Бір ғана ақпараттық хабарламаның өзі (газеттегі мақала, хабарландыру, хат, жеделхат, анықтама, əңгіме, сызба, радиотаралым жəне т.б.) əртүрлі адамдар үшін – олардың алдыңғы білімдеріне, бұл хабарламаны түсіну деңгейі мен оған қызығушылығына байланысты əртүрлі мөлшердегі ақпараттар мазмұнына ие болуы мүмкін.
ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақ-ты жинақтау, өңдеу ж(е оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдерін ақ-тық тех-я д(а. Ал жаңа ақ-тық тех-лар д(з – компьютер жадында бумаларда сақталған әртүрлі архивтер мен кітапханалардағы информацияларды жинақтауға, біріктіріп сақтауға, керектілерін жылдам іздеп табуға болатын әртүрлі мәліметтер базасы мен ақ-тық жүйелерді ұйымдастыру тех-сы. Жаңа ақ-тық тех-лардың дамуын ЭЕМ желілеріне негізделген электрондық поштасыз, байланыс желілері мен ақ-тық «комуникацияларсыз» көзге елестету мүмкін емес. Ақ-қ тех-я құралдарына мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметер базасын басқару жүйелері, баспа жүйелері, т.б. жатады
Қазіргі кезеңде "ақпараттық технология" термині ақпараттарды өңдеуге арналған компьютерлерді пайдаланумен байланысты қолданылады. Ақпаратты технологиялар барлық есептегіш техникалар мен байланыс техникаларын жəне ішінара, — тұрмыстық электрониканы, телекөріністер мен радиотаратуды қамтиды. Олар өндірісте, саудада, басқаруда,банктік жүйеде, білім беруде, денсалық сақтауда, медицина мен ғылымда, көлік пен байланыста, ауыл шаруашылығында, əлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінде қолданыс табады, əртүрлі мамандықтағы адамдар мен үй шаруасындағы əйелдерге қызмет етеді. Дамыған елдердің халқы ақпараттық технологияларды жетілдірудің қымбат жəне қиын, алайда маңызды екендігін сезінеді .
Қазіргі уақытта ірі масштаптағы ақпараттық-технологиялық жүйелерді құру экономикалық тұрғыдан мүмкін болып отыр, бұл оларды дайындауға бағытталған ұлттық зерттеу жəне білім беру бағдарламаларының пайда болуына негіз жасайды. Ақпараттандырудың мақсаты — адамдар еңбегінің өнімділігін арттыру мен жағдайларын жеңілдету есебінен олардың тұрмысын жақсарту.
Достарыңызбен бөлісу: |