Мемлекеттік кешенді емтихан сұрақтары «Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша



Дата05.06.2022
өлшемі27,37 Kb.
#145998
Байланысты:
2 Кешенді емтихан математика 17.04.22
шпор, кыскартылган, «Педагогика-1» п ні бойынша тест с ра тары Педагогика андай нег (1), ICT Lecture 4 (1), 2 тапсырма -жанатәсил-2020 (1)

Мемлекеттік кешенді емтихан сұрақтары
«Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» пәні бойынша

  1. Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі пәні және оның міндеттері

  2. Білімге деген жаңа көзқарастар мен түсініктер. Жаңартылған білім мазмұны және оны оқытудағы көзқарастар

  3. Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттілігіне қойылатын талаптар

  4. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттілігіне қойылатын талаптар

  5. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық құзыреттілігіне қойылатын талаптар

  6. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдемелер

  7. Математиканы оқыту стратегияларының үлгілері

  8. Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған «Математика» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасынның ерешеліктері

  9. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

10. «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі.
11.ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ жоспарлау.
12.Критериалды бағалау.
13.Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.
14.Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану.
15.Дәстүрлі және инновациялық технологиялардың сипаттамасы.
16.Интербелсенді әдістерді математика сабақтарында қолдану ерекшеліктері.
17.Инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында математиканы оқыту.
18.Дуальды оқыту жүйесі арқылы бастауыш сыныпта математиканы оқытудың мүмкіндіктері.
19.Бастауыш сынып математика сабақтарында дидактикалық құралдарды пайдалану.
20.Қазақстанда бастауыш математиканы дамыту оқыту мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеген ғалымдар.
21.Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінде математиканы оқыту жайында.
22.К.Жәленұлының «Есеп тану жолдары».
23.С.Қожанұлы және оның «Есеп тану құралы».
24.Е.Омарұлы және оның «Пішіндеме» оқулығы.
25.Т.Қ.Оспановтың әдістемелік жүйесі.
26.Б.М.Қосановтың еңбектері.
27.Математика сабағында саралап оқыту.
28.Блум таксономиясын математиканы оқыту барысында қолдану.
29.Сабақта АКТ-ны қолдану.
30.ШЖБМ математиканы оқыту.

31.Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі.


32.Кестелік қосу және азайтуды оқыту әдістемесі.

    1. өлемдегі сандарды оқыту әдістемесі.

    1. лемдегі сандарды оқыту әдістемесі.

    1. леміндегі ауызша қосу және азайтуды оқыту әдістемесі.

36.1000 көлемдегі сандарды оқыту әдістемесі.
37.Ауызша есептеу тәсілдерін оқыту әдістемесі.
38.Ауызша көбейту және бөлуді оқыту әдістемесі.
39.Көбейту және бөлуді оқыту әдістемесі.
40.Жазбаша көбейту және бөлуді оқыту әдістемесі.
41.Жай есептерді шығаруға үйрету әдістемесі.
42.Құрама есептерді шығаруға үйрету әдістемесі.
43. «Үлес» ұғымын қалыптастыру әдістемесі.
44.Шамалар және оларды өлшеуді оқыту әдістемесі.
45.Өрнектерді оқу, жазу және салыстыру әдістемесі.
46.Теңдік пен теңсіздікті оқыту әдістемесі.
47.Жақша мен амал тәртібін оқыту әдістемесі.
48.Төртінші пропорционал шаманы табу әдістемесі.
49.Пропорционал бөлуге берілген есептерді шығару әдістемесі.
50.Есепті теңдеу құру арқылы шығаруды оқыту әдістемесі.
51.Есептеу тәсілдерін оқыту әдістемесі.
52.Геометриялық фигуралар және олардың элементтерімен таныстыру әдістемесі.
53.Кеңістік фигуралардың модельдерін жасау әдістемесі.
54.Кестелер мен пиктограммаларды оқыту әдістемесі.
55.Симметриялы фигураларды оқыту әдістемесі.
56.Жиын элементтерін оқыту әдістемесі.
57.Қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді оқыту әдістемесі.
58.Кездесу қозғалысына берілген есептерді оқыту әдістемесңі.
59.Таңдап алу тәсілімен шығарылатын комбинаторлық есептерді оқыту әдістемесі.
60.Пікірлердің ақиқаттығы және жалғандығын оқыту әдістемесі.
61.Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат жасау үшін әрқайсысы 14 орындық 5 автобус жүреді. Барлық орындар толы болса, осы автобустармен 20 рет қатынағанда , қанша туристі саяхатқа апаруға болады?
62.Шаршының қабырғаларының ұзындығы – b м. Шаршының периметрін және ауданын көрсететін өрнекті жаз.
63.Салыстыр: c·452·d * c·542·d
64.Салыстыр: f:(2400+1200) * 2400·f+12000·f
65.Қалдықпен бөлуді орында және тексер: 297:98
66.Қалдықпен бөлуді орында және тексер: 837:69
67.Есептеулерді жазбаша орындап, тексер: 9684:12
68.Есептеулерді жазбаша орындап, тексер: 94770:45
69.Өрнектердің мәнін тап: 988+1530:(12·6-62)
70.Өрнектердің мәнін тап: (1519-637)-( 4892-4781):37
71.Теңдеуді шеш: 570·х-4700=13540
72.Теңдеуді шеш: (31·550-х) ·120=10200
73.Халықаралық байланыс қоңырауы үшін Болат 2820 теңге төлеуі тиіс. Болат 2 рет қоңырау шалып, 5 минуттан сөйлесті. Телефонмен 1 минут сөйлесу құны қанша теңге тұрады?
74.17 қалта ұнның массасы – 34кг, ал 25 қалта күріштің массасы – 75кг. Күріш салынған қалта ұн салынған қалтадан қанша кг ауыр?
75.Өрнекте: 8м²54дм²= дм²
76.Есепте: 16кг560г:(20кг560г – 19кг640г)
77.Екі жұмысшы 56 бөлшек жасады. Олардың біреуі 3 сағат, екіншісі 4 сағат жұмыс істеді. Егер олардың өнімділіктері бірдей болса, әрқайсысы қанша бөлшек дайындады.
78.Екі ауылдан екі мәшине бір уақытта бір-біріне қарама қарсыбағытта шығып, 2 сағаттан кейін кездесті. Бірінші мәшине 60км/сағ жылдамдықпен жүрді. Екінші мәшиненің жылдамдығы – 40км/сағ. Екі ауылдың арақашықтығы неше километр?
79.Қос теңсіздіктер жаз: t белгісізі 4-тен артық және 9-дан кем.
80.Қос теңсіздіктер жаз: х белгісізі 5-тен артық және 18-дан кем.
81.Қос теңсіздіктер жаз: m белгісізі 6-дан артық және 15-тен кем.
82.Қос теңсіздіктер жаз: а белгісізі 90-нан артық және 115-тен кем.
83.Сан сәулесінде қос теңсіздіктердің шешімін жаз: 384.Сан сәулесінде қос теңсіздіктердің шешімін жаз: 485.Сан сәулесінде қос теңсіздіктердің шешімін жаз: 886.Параллелепипедтің көлемі – 64см², ені – 4см, биіктігі – 2 см.Осы параллелепипедтің ұзындығы 3см-ге кішірейтілді. Алынған параллелепипедтің көлемін анықта.
87.Сегіз жігіт қазақша күрестен сайысқа қатысты. Олар бірімен –бірі түгел 1 реттен күресіп шықты. Неше белдесу болды?
88.Пікір дұрыс па? 56˚ - сүйір бұрыш.
89.Пікір дұрыс па? 138˚ - доғал бұрыш.
90.Пікір дұрыс па? 90˚ - сүйір бұрыш.

Ежелгі замандардағы бастауыш математикалық білім беру ісінің жағдайы (Мысыр, Вавилон).



  1. Ежелгі замандардағы бастауыш математикалық білім беру ісінің жағдайы (Индия, Қытай.).

  2. Ежелгі замандардағы бастауыш математикалық білім беру ісінің жағдайы (Греция, Рим).

  3. ӘбуНасыр әл-Фарабидің әдістемелік-математикалық көзқарастары.

  4. Г.Песталоццидің әдістемелік-математикалық көзқарастары.

  5. Л.Ф.Магницкий және оның «Арифметикасы».

  6. Ф.И.Бусеннің әдістемелік-математикалық көзқарастары.

  7. П.С.Гурьевтің бастауыш мектепте математиканы оқыту ісіне сіңірген еңбегі.

  8. К.Д.Ушинскийдің математикалық көзқарастары.

  9. Н.А.Корфтың математикалық идеялары.

  10. Грубе әдісі.

  11. В.А.Евтушевскийдің әдістемелік-математикалық ой-пікірлері.

  12. Кеңес бастауыш мектебінде 1930-60 ж.ж. математиканы оқытудың ерекшеліктері.

  13. Тәуелсіздіктің жаңа бастаулары.

  14. Ш.А.Аманашвилидің іс-тәжірибелері.

  15. С.Н.Лысенкованың іс-тәжірибелері.

  16. Ш.А.Аманашвили, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтың іс-тәжірибелері.

  17. Жаңартылған білім беруге көшудің басты себептері.

  18. Заманауи оқулықтардың авторлары және олардың стильдері.


  1. 1- сынып бойынша ЖББМ арналған «Математика» оқулығын талдау.

  2. 2- сынып бойынша ЖББМ арналған «Математика» оқулығын талдау.

  3. 3- сынып бойынша ЖББМ арналған «Математика» оқулығын талдау.

  4. 4- сынып бойынша ЖББМ арналған «Математика» оқулығын талдау.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет