Мұғалімі: Смагулов Саят Кабдоллаевич Биздин бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Арнайы дене дайындығына анықтама бериниздер. Тапсырманы жазбаша түрде орындап "файловый менеджер" аркылы жибериниздер



Дата07.02.2022
өлшемі16,28 Kb.
#89866
Байланысты:
61040167931.10.2020


Күні:31.10.2020
Пәні:Дене шынықтыру
Мұғалімі: Смагулов Саят Кабдоллаевич

Биздин бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Арнайы дене дайындығына анықтама бериниздер. Тапсырманы жазбаша түрде орындап "файловый менеджер" аркылы жибериниздер.
Дене дайындығы, спортшының жан-жақты және дене мүмкіншілігінің дамуы болып табылады. Осыған байланысты ол жалпы және арнайы деп бөлінеді. Жалпы спортшы өз денесін үйлесімді жетілдіруге ағзаның қозғайтын бұлшық еттерді дамытуға, организмнің барлық мүшелері мен жүйелерін нығайтуға, функционалды және үйлесімді қозғалыстарды жақсартуға, күшті,жылдамдықты , шыдамдылықты, икемділікті және иілгіштікті өсіруге бағытталған. Осы міндөттерді шешу көп жағдайда дененің жан-жақты дамуы мен денсаулық деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Арнайы дене дайындығы спорттың маманданып жатқан түрінің талаптарына сәйкес спортшы ағзасы мүмкіндіктерінің, барлық дене мүшелері мен жүйелерін жоғары деңгейде дамытуға бағытталған. Жалпы денені дамытатын және арнайы дайындықта пайдаланылатын сан-салалы жаттығулар түрлі тәсілдермен орындалады. Оның негізгі түрлері: қайталау, аралас, аралық, бірқалыпты, екпінді, бақылау, "барынша", өте жоғары қарқындылық, жеделдету, ойындық, жарыстық. Осы тәсілдердің әрқайсысы спорттың әр түрінің ерекшеліктері мен түрліше дене қасиеттерін дамытуға сәйкес көлетін тәртіптері бар.
Дене дайындығы – спортшының ағзалық қызмет мүмкіндіктерін арттыру жолдары. Спорттық машықтану ілімі мен тәжірибесінде дене дайындығын жан-жақты шыңдау, дененің қимыл қабілеттерін тәрбиелеумен анықталады.
Дененің қимыл қабілеттері деп – адамның қимыл мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз. Дененің қимыл қабілеттері дене тәрбиесі, спорт ілімі мен әдістемесі ғылымында дене қасиеттері деп анықталады. Олар: күштілік, жылдамдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік. Спортшының дене қасиеттерін дамыту ойын тәсілін жетілдіруге тура әсер етеді.
Дене дайындығы мақсаты – ағзаның қимыл мүмкіндіктері мен дене қасиеттерін жан-жақты дамытып, денсаулықты жақсарту мен нығайту.
Дене дайындығы міндеттері – дене тәрбиесінің негізгі міндеттерінен (білім, тәрбие, сауықтыру) туындап, спорт түрінің ерекшеліктеріне сай анықталады.
Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі. Спорттық мамандану спортшының жан-жақты дамуын жоққа шығармайды. Онда таңдаған спорт түрінде барынша елеулі алға басушылық спортшының дене және рухани қбілеттерінің жан-жақты дамуы ағзаның қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы көтерілуі негізінде ғана мүмкін болады.
Спорттық жетілдірудің объективті заңдылықтары спорттық жаттығу терең мамандану жүйесі бола тұрып, бір мезгілде спортшы жан-жақты дамыту құралы да болады. Осыған сәйкес спорттық жаттығуда жалпы және арнайы дайындық үзіліссіз үйлеседі. Спортшының жалпы және арнайы дайындық бірлігі бұлардың екеуін де спорттық нәтижеге және дене тәрбиесінің құралы ретінде соңғы мақсатқа пайдалануға зиян келтірмеу үшін жаттығудан алып тастауға болмайды. Жалпы және арнайы дайындықтың бірлігі олардың мазмұндарының өзара тәуелділігімен қортындыланады: жалпы дене дайындығының мазмұны таңдаған спорт түрінің ерекшеліктері есепке алынып анықталады, ал арнайы дайындықтың мазмұны жалпы дайындықтың жасаған алғы шарттарына тәуелді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет