жасау қойындысының Есептер тобында Есеп түймешігін нұқыңыз.
Access бағдарламасы есепті жасап, оны Құрылым көрінісінде көрсетеді. Есепті алдын ала қарауды аяқтағаннан кейін, оны сақтап, жазбалар көзі ретінде пайдаланылған есепті және негізгі кестені не сұрауды жаба аласыз. Келесі рет есеп ашылған кезде, Access бағдарламасы жазбалар көзінің ең соңғы деректерін көрсетеді. Есепте қолданылатын өрістерді талабыңызға сай таңдау үшін Есеп шеберін пайдалана аласыз. Сонымен қатар, деректерді топтастыру және сұрыптау тәсілін белгілей аласыз және, кестелер мен сұраулар арасындағы байланыстар бұрын белгіленген болса, бірнеше кестенің не сұраудың өрістерін пайдалана аласыз. Байланыстарды орнату туралы толық ақпаратқа сілтемелерді т.б. қараңыз бөлімінен табыңыз.