1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"


Жергілікті желідегі құжаттарды құру жəне олармен жұмыс



бет153/217
Дата07.02.2022
өлшемі0,98 Mb.
#96062
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   217
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

106. Жергілікті желідегі құжаттарды құру жəне олармен жұмыс.


Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер,факс тәрізді шеткері құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.
Жергілікті желі – дербес компьютерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
­ Құжаттарды бірге пайдалану;
­ Құжат айналымын жеңілдету:тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай ақ,жиналыс жасамай ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады.
­ Компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып,өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу.
­ Сервердегі қолданбалы программамен оңай байланысу.
Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптер арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін. Көптеген фирмалар шығаратын желі адаптерлерінің көптеген түрлері бар.
Соңғы кезде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы,біріншіден,жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанымен бағасы онша қымбат емес,екіншіден,жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.
Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі – олардағы информация тасымалдау жылдамдығының өте төмен деңгейде болуы. Ол 10 М/бит/сек мөлшерінен аса алмайды. Объективті және субъективті шараларды салыстырса, болашақ осы жергілікті радиоторапты желілерді кеңінен пайдалануға әкелетіні байқалады.
Объективті есептер:
- Радиожеліні іске қосатын қаражат кабельдік жергілікті желіні қосудан арзан.
- Ескі ғимараттарда қабырғаларын тесіп,кабель жүргізу өте қиын.
- Радиожеліні тарихи бағалы есептелетін ғимараттар да іске асыру жеңіл, өйткені ондай жерлерде кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау орындары келісімі керек.
- Кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек.
Субъективті себептер:

  • Кабельдік желіге қарағанда қайта құру оңай, өйткені торап қосу, алу, олардың құрылғыларын орнату және т.с.с.

- Жергілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуы тиіс жеке пайдалынатын мекемелерді, ноутбуктерді қосуға ыңғайлы. Өйткені олардың қосылу нүктелері байланыс жетер аймақта басқалармен кез келген уақытта мәлімет алмаса алады. – Жергілікті желілерді қолданылатын программалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады.
Бірінішісі – арнаулы файл – серверлер бөлінген желілер.бұлардың құрамындағы бір немесе бірнеше компьютерлерде арнаулы желілік операциялық жүйе (Novell Netware,IBM Lan Manager) іске қосылады.
Екінші топ – бір рангілік желілер. Мұнда файл – сервер немесе баспа сервері ретінде қолданатын жеке компьютер болмайды.
Әрбір кісі кез келген мәлімет үшін (объектіні) өз алмасу буферіне (Clipoard) жазып алып, содан кейін желідегі компьютерлердің бәрінің де сол объектімен пайдалануын қамамасыз ете алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   217




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет