76. Сұранысты, Пішінді жəне Есепті жобалау.
Есепті жобалау оның бөліктерінің құрылымын жасауда және осы бөлімдер ішінде басқару элементтерін орналастыруда, сондай-ақ осы элементтер мен кесте өрістері немесе мәліметтер базасы сұраныстарды арасындагы байланыстарды беруде.
Мәліметтер базасында диалогтық терезеде Есептер қосымшасында диалогтық терезесін тандап, Құру кнопкасын шертіп, автоматты түрде (автоесеп) жасауға мүмкіндік беретін Жаңа есеп диалогтық терезесін аламыз. (Мәліметтер базасы/Құру/Жаңа есеп/Бағандың автоесеп).
Бағандық автоесептен басқа «ленталық» автоесептер бар.
Есепті Автоматтандыруды құрудың құралы Есептер шебері болып табылады. Ол Мәліметтер базасы терезесінде шебердің көмегімен Есеп құру таңбашасында екі рет қатарынан шертумен іске қосылады, Есептер шебері алты кезеңмен жұмыс істейді. Оның жұмысында есепте көрсетілетін өрістерді таңдау, топтастыру өрістерін таңңау, макет пен безендіру стилін таңдау негізделетін базалық кестелер немесе сұраныстарды тандау атқарылады.
Есеп құрылымы бес бөліктен тұрады: есеп тақырыбынан, жоғарыдағы колонтитулдан, мәліметтер аумағынан, томендегі колонтитул дан және есеп ескертуінен:
- тақырып бөлігі есептің жалпы тақырыбын басу үшін қызмет атқарады;
- жоғарыдагы колонтитул бөлігін егер есеп күрделі құрылымды және көп паракты алатын болса, тақырыпшаларды басу үшін қолдануға болады. Егер төменгі колонтитулда бұл жасалмаған болса, мұнда колонтитулдарды (парақ нөмірлері) белгілеуге де болады;
- мәліметтер аумағында база кестелері өрісінің ішін-дегісіне байланысты басқарудың элементтері орналастырылады. Басқарудың бұл әлементтеріне принтерде басу үшін таблицадан берілетін мәліметтер беріледі;
- төменгі колонтитулдың бөлігін жоғарыдағы колонтитул бөлігі мақсаттары үшін де қолдануға болады;
- ескертулер бөлігі қосымша ақпаратты орналастыру үшін қолданылады.
Пішінді жобалау
Тінтуір түймешігін бір рет басып, пішін жасау үшін пішін құралын пайдалануға болады. Бұл құралды пайдаланған кезде негізгі деректер көзіндегі барлық өрістер пішінге орналастырылады. Жаңа пішінді бірден пайдалана беруге немесе қажеттіліктеріңізге дұрыстап сай келтіру үшін, оны орналасу көрінісінде немесе құрастырушы көрінісінде өзгертуге болады.
Жаңа пішін жасау үшін пішін құралын пайдалан
1 Шарлау аумағында пішіннен көрінетін деректері бар кестені немесе сұрауды басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |