1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет1/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010


1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым.
"Ақпарат" термині "informatio" деген латын сөзінен шыққан, мағынасында мəлімет, түсініктеме, түсіндіру дегенді білдіреді. Бұл терминнің кең таралғанына қарамастан, ақпарат ұғымы ғылымдағы ең таласты ұғымдардың бірі болып отыр. Қазіргі кезде ғылым көпжақты ақпарат ұғымына тəн, бірыңғай қасиеттер мен заңдылықтарды табуға тырысуда, бірақ бұл ұғым көптеген жағдайларда адам іс-əрекетінің əртүрлі салаларында өзіндік сипатымен қалып қоюда жəне əртүрлі мағыналармен толығуда .

Қатынаста ақпарат деп, қандай да біреуді қызықтырушы, кез келген мəліметтерді немесе мағұлыматтарды атайды. Мысалға, қандай да бір оқиғалар, нендей де бір əс-ірекеттер т.б. туралы.

Ақпараттандыру — бұл халықтың тұрмыс салтының маңызды өзгерістерімен байланысты, күрделі əлеуметтік үрдіс. Ол көптеген бағыттарда, соның ішінде компьютерлік сауатсыздықты жоюда, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану мəдениетін қалыптастыруда жəне т.б. қажырлы еңбекті қажет етеді."Ақпараттандыру" бұл мағынасында "бұрын белгісіз бір нəрсені хабарлауды" білдіреді;

техникада ақпарат деп, таңбалар мен белгілер формасында берілген хабарламаларды түсінеді;

кибернетикада ақпарат деп, білімнің бағдарлау, белсенді əрекет ету, басқару, яғни жүйелерді сақтау, жетілдіру, дамыту мақсатында қолданылатын бөлігін түсінеді. (Н. Винер).

Ақпарат – ғылым теориясының негізін салушы, ақпараттарды тарату, қабылдау, түрлендіру жəне сақтауға байланысты үрдістерді зерттеуші америка ғалымы Клод Шеннон, - ақпаратты біздің біліміміздің бірнəрсе туралы алған анықталмағандығы тұрғысынан қарайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет