құқықтық негізі.
Ақпараттық –коммуникациялық технология (АКТ)– Information and Communication Technologies (ICT) –тұтынушының ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу жəне пайдалану мақсатында біріккен
əдістер, программалық-техникалық құрылғылар жəне өндірістік үрдістер жиынтығы.
Ақпараттық жəне коммуникациялық технологияның (бұдан былай - АКТ) дамуы мен кеңінен қолданылуы
бұл соңғы он жылдағы ғылыми-техникалық революция мен əлемдік дамудың ауқымды тенденциясы болып
табылады. АКТ пайдалану бəсекелес экономиканы көтеру үшін, əлемдік жүйедегі оның мүмкіндіктерін
кеңейтуге, жергілікті басқару мен мемлекеттік басқарудың тиімділігін жоғарылату үшін шешуші роль
атқарады.
АКТ негізінде «бір терезе қағидасы» деп аталатын барлық деңгейдегі ұйымдармен өзара қарым –
қатынасы бір нүкте арқылы енеді.
АКТ енгізуде тікелей экономикалық эффект байланысты:
бұрынғы сақталынған құжаттарға қатысты ауданды босату;
құжаттармен жұмыс істеуде қызметкерлердің қысқару санымен;
мемлекеттік басқару ұйымдарының бизнес-үрдістерінің орындалу уақытының қысқаруымен;
АКТ-ның енгізілуіндегі үлкен мəнге ие:
қабылданатын шешімдердің сапасының жақсаруы;
азаматтардың билікке сенімділігінің артуы;
билік ұйымдарын қамтамасыз етуге қосымша қоғамның ұсталынымдарының төмендеуі.
Бағдарламаның мақсаты азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам əрі
сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету жəне АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың
жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай мiндеттердi
орындау керек:
1. мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк
беретiн нормативтік құқықтық жəне əдiснамалық база құру
2. мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
3.e-Үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою жəне
АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
3. e-Үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру жəне мемлекеттiк
4. органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;
5. е-Үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
Достарыңызбен бөлісу: |