1. Ақпараттар, ақпараттық технологиялар жəне ақпараттық процесстер туралы ұғым. "Ақпарат"



бет103/214
Дата30.04.2020
өлшемі0,98 Mb.
#65217
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   214
Байланысты:
Akparat-otvet 2010

69. Мəліметтер қорының функциялары.
МББЖ- жаңа база құрылымын құруға арналған программаның құралдар кешені, оны құрамын толықтыру, құрамында барды редакқиялау және апаратпен көрсетушілік (визуализация). База ақпаратын көрсетушілік ретінде берілген критерийге сәйкес бейнеленетін мәліметгерді іріктеу, оларды ретгеу, сосын шығаратын құрылғыға беру немесе байланыс арналары бойынша беру.
Кез келген МББЖ мәліметтермен төрт қарапайым операция орындауға мүмкіндік береді:
■ кестеге бір немесе бірнеше жазбаны қосу;
■ кестеден бір немесе бірнеше жазбаны жою;
■ кейбір өрістердің бір немесе бірнеше жазбаларындағы мәндерді жаңарту;
■ берілген шартты қанағаттандыратын бір немесе бірнеше жазбаларды табу.
МББЖ-ның тағы бір функңиясы - мәліметтерді басқару. Мәліметтерді басқару ретінде, әдетте, мәліметтерді рұқсат етілмей қол жетуден қорғау, мәліметтермен жұмыс режимін көп мәрте пайдалануды қолдау және мәліметтердің тұтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету түсініледі.
Мәліметтер базасын жіктеу. Мәліметтер арасындағы байланыстарды орнату әдістері бойынша былайша ажыратылады: Реляциялық, иерархиялық және желілік МБ.
Реляциялық МБ кесте түрінде мәліметтерді ұсынудың қарапайым және әдеттегі формасы болып саналады. Көптеген теориялар ішінде кестеге қатынас (relation) термині сәйкес келеді және ол МБ-ға осы атты берген. Ол үшін дамыған математикалық аппарат - біріктіру, алу, азайту, қиылысу, қосу және т.б. сияқты математикалық операциялар айқындалатын реляциялық есептеу мен реляциялық алгебра.
Осы типтегі МБ жасауға американдық ғалым Е. Кодд елеулі үлес қосты.
Реляциялық МБ-ның жақсы қасиеті - оны қолдаудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапайымдылығы, кемшілігі - мәліметтер құрылымының қатавдығы (ерікті үзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасы мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МБ-ға белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МБ қарау қажетті болуы мүмкін,
Иерархиялық және желілік МБ қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық МБ-да мұндай байланыстар ағаш-сызық жол (графа) түрінде бейнеленуі мүмкін, мүнда биік үшар бастан төменгі кішілеріне қарай біржақты байланыстар ғана болуы ықтимал. Егер барлық ықтимал сүрақтар ағаш құрылымында бейнеленсе ғана, бұл қажетті ақпаратқа жетуді тездетеді. Ақпарат алудың ешқандай басқа сұрау салулары қанағаттан-дырмайды,
Аты айтылған кемшілік желілік МБ-дан алып тасталды, онда (тым болмағанда, теориялық жағынан) «бәрімен барлық жағынан» байланыс болуы ықтимал еді. Іс-тәжірибе жүзінде мүны іске асыру мүмкін болмағандыктан, кейбір шектеулерге жүгінуге тура келеді.
Мәліметтердің әрбір элементі құрамында кейбір басқа элементтердің сілтемесі болуы тиіс. Сол себептен ЭЕМ (электронды есептегіш машинаның) оперативті және дискілік жадындағы едәуір ресурстар талап етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   214




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет