1 Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі


Техникалық қамтамасыз ету



бет6/13
Дата06.02.2022
өлшемі136 Kb.
#81282
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-86622

Техникалық қамтамасыз ету. Техникалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйе жұмысы үшін арналған, сондай-ақ бұл құралдарға сәйкес келетін құжаттамалар мен технологиялық процестердің техникалық құралдар кешені.
Кешенді техникалық құралдар мыналарды құрайды:

  • кез келген модельдегі компьютерлер;

  • ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, жіберу және шығару құрылғылары;

  • мәліметтерді жіберу құрылғылары мен байланыс желілері;

  • ұйымдастыру техникасы және ақпараттарды автоматтық түрде сақтау құрылғылары;

  • пайдалану материалдары және т.б.

Құжаттамамен техникалық құралдарды алдын ала таңдау, оларды пайдалануды ұйымдастыру, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесі және технологиялық қамтамасыз ету сияқты процестер рәсімделеді. Құжаттаманы шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  1. жалпы жүйелі – техникалық қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және салалық стандарттарды қамтитын;

  2. арнайы– техникалық қамтамасыз етуді дайындаудың барлық кезеңдері бойынша әдістемелер кешенін құрайтын;

  3. нормативтік-анықтамалық – техникалық қамтамасыз ету бойынша есептерді орындау кезінде қолданылатын.

Қазіргі уақытта техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың екі негізгі нысаны (техникалық құралдарды қолдану нысаны) қалыптасқан: орталықтандырылған және ішінара немесе толық орталықсыздандырылған.
Орталықтандырылған техникалық қамтамасыз ету ақпараттық жүйеде үлкен ЭЕМ-дер мен есептеу орталықтарын пайдалануға негізделеді.
Техникалық құралдарды орталықсыздандыру функционалды ішкі жүйелердің дербес компьютерлерде тікелей жұмыс орындарында іске асыруды көздейді.
Перспективалы қатынас ретінде ішінара орталықсыздандырылған қатынасты есептеуге болады, яғни кез келген функционалды ішкі жүйелерге ортақ мәліметтер қорын сақтауға арналған үлкен ЭЕМ және дербес компьютерлерден тұратын бөлу желілері негізіндегі техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет