1 Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі



бет1/13
Дата06.02.2022
өлшемі136 Kb.
#81282
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
stud.kz-86622


16 Билет
1. Ақпараттық жүйелер: негізгі түсініктер мен анықтамалар. Ақпараттық жүйелердің негізгі қасиеттері. Ақпараттық жүйелердің құрылымы.
2. Оқу үрдісін бақылау, бақылау формалары мен әдістері, баға мен оның белгіленуі. Тестілер. Тестілерді классификациялау. Тестілік тапсырмаларды жасау әдістемесі.


1) Ақпараттық жүйелер және олардың құрылымы мен жіктелуі
Ақпараттық жүйе түсінігі. Жүйе ­– өз алдына жеке объект ретінде және алға қойылған мақсатқа жету үшін біріккен әр түрлі элементтердің жиынтығы болып табылатын кез келген объект. Жүйелер өзара құрамы бойынша және негізгі мақсаттары бойынша белгілі бір дәрежеде ерекшеленеді.
1-мысал. Әр түрлі элементтерден тұратын және әр түрлі мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған бірнеше жүйелерді келтірейік.

  • жүйе;

  • жүйе элементтері;

  • жүйенің негізгі мақсаты;

  • фирма;

  • адамдар, құрал-жабдықтар, материалдар, ғимараттар және т.б.;

  • тауар өндіру;

  • компьютер;

  • электронды және электромеханикалық элементтер, байланыс желілері және т.б.;

  • мәліметтерді өңдеу;

  • телекоммуникациялық жүйе;

  • компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік бағдарламалық қамтамасыз ету және т.б.;

  • мәліметтерді жіберу;

  • ақпараттық жүйе;

  • компьютерлер, компьютерлік желілер, адамдар, ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету;

  • кәсіби ақпаратты өндіру.

Информатикада «жүйе» ұғымы кең таралған және көптеген мағыналық мәнге ие. Көбінесе ол техникалық құралдар мен бағдарламаларды жинауға қатысты пайдаланылады. Жүйе деп компьютердің аппараттық бөлігі аталуы мүмкін. Сонымен қатар жүйе деп құжаттамаларды жүргізу және есептерді басқару тәртіптерімен толықтырылған белгілі бір қолданбалы міндеттерді шешуге арналған көптеген бағдарламалар аталуы мүмкін.
«Жүйе» сөзіне «ақпараттық» деген түсінікті қосу оның құрылу мақсаты мен қызмет етуін айқындайды. Ақпараттық жүйелер кез келген саладағы міндеттерді шешу процесіне қажетті бағдарламаларды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, жіберуді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді талдау және жаңа өнімдерді құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйелер – алға қойылған міндеттерге жету мақсатында ақпараттарды сақтау, өңдеу және жіберу үшін пайдаланылатын тұлғалар, әдістер және құралдардың өзара байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық жүйелер – шешім қабылдау және басқару үрдісінде қолданылатын ақпаратты сақтау, жинау, іздеу және жеткізу жүйесі.
Ақпараттық жүйе мыналарды қамтиды:

  • ақпараттық – анықтамалық қор;

  • ақпараттарды өңдеу тілі;

  • ақпаратты тасуыштар;

  • модельдер жүйесі.

Ақпараттық жүйелердің бүгінгі күнгі анықтамасы дербес компьютердегі ақпаратты өңдеудегі негізгі техникалық құрал ретінде пайдалануды білдіреді. Ірі ұйымдар мен білім беру мекемелерінде дербес компьютермен қатар ақпараттық жүйелердің техникалық базасы құрамына мэйнфрейм (MAINFRAME) немесе супер ЭЕМ кіруі мүмкін. Сонымен қатар, ақпараттық жүйелердің техникалық көрінісі өндірілетін ақпарат қажетті және онсыз ақпараттың қабылдануы мен ұсынылуы мүмкін болмайтын адамның ескерілмесе ол өз алдына ешқандай мазмұнға ие болмайды.
Мұнда ұйым және білім беру мекемесі деп ортақ мақсаттармен біріккен және ортақ материалдар мен қаржы қаражаттарын материалдық және ақпараттық өнімдерді өндіретін және қызмет көрсететуде пайдаланылатын адамдардың бірлестігін түсіну қажет. Бұл жұмыста «ұйым» мен «білім беру мекемелері» бірдей мағынада түсіну көзделген.
Компьютерлер мен ақпараттық жүйелер арасындағы айырмашылықтарды түсіну қажет. Мамандандырылған бағдарламалық құралдармен қамтамасыз етілген компьютерлер техникалық база және ақпараттық жүйелердің құралы болып табылады. Ақпараттық жүйені компьютерлермен және телекоммуникациялармен өзара әрекеттесетін жұмысшыларсыз көзге елестету мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет