Лабаратория №6 Орындаған: Калыкулова Д



Дата07.02.2022
өлшемі125,52 Kb.
#85064

Лабаратория № 6
Орындаған: Калыкулова Д.
Қабылдаған: Сарсенбиева Н.
Физикалық және логикалық құрылымдар

Желінің физикалық құрылымы.

Коммуникациялық құрылғының ең қарапайым түрі – қайталағыш – желінің жалпы ұзындығын арттыру мақсатында түрлі локальдық желі кабельдер сегменттерінің физикалық байланысын жасау үшін қолданылады.

Желінің логикалық құрылымында көпірлер,коммутаторлар ,маршрутизаторлар мен шлюздер деп аталатын коммуникациялық құрылғылар пайдаланылады.

Көпір желінің бір трафигін екіншісінен бөлектеу арқылы желідегі ақпарат алмасу өнімділігін арттырады. Көпір компьютердегі трафиктің аппараттық адресін локальдауда қолданылады.

Көпірден коммутаторлардың басты ерекшелігі - ол коммуникациялық мультипроцессор қызметін атқарады. Мультипроцессордың әрбір порты арнайы процессорлармен жабдықталған. Арнайы процессорлар кадрларды көпір алгоритмі бойынша процессордың басқа порттарынан тәуелсіз өңдей береді.

Маршрутизатор

Байланыс топологияларында көпірлер мен коммутаторларды пайдалануында шектеулер қойатын коммуникациялық тағы бір құрылғы. Маршрутизаторлар логикалық сегменттерді нақты адрестеу арқылы құрайды, себебі маршрутизаторлар аппараттық жазық адрестер орнына құрама сандық адрестерді қолданады.

Глоссарий
Жүйелік кабельдер (сыртқы түрі түтік тәріздес оқшауланған екі коаксиальдық концентриялы өткізгіштер; айқасқан екі электр өткізгішінен құралған қос кабелдер және т.б).
Коннекторлар (біріктіргіштер) кабельдерді компьютерлерге қосатын коннекторлар; кабельдердің бөліктерін қосатын алмалы-салмалы ажыратқыштар.
Жүйелік интерфейсті адаптерлер мәліметтерді қабылдау мен жөнелтуге арналған.
Трансиверлер мәліметтерді кабель бойынша жіберу сапасының мөлшерін арттырады, жүйеден келіп түскен ескертпелер мен келіспеушілікті табу үшін жауап береді.
Хабтар (концентраторлар) коммутирлік хабтар (коммутаторлар) компьютерлік жүйелердің топологиялық, функционалдық және жылдамдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді.
Қайталамалар (репитерлер) кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді.
Көпір (Brіdge) — екі локальды жүйені байланыстырады. Жүйе араларындағы мәліметтерді өзгеріссіз пакет түрінде жіберіледі.
Тест
  • Жүйелік интерфейсті адаптерлерің қызметі.

  • А. Мәліметтерді қабылдау мен жөнелтуге арналған
    В. Желінің жалпы ұзындығын арттырады
    С. Кабельдің үлкен ұзындығы бойымен берілетін ескертпелерді күшейтеді.
    2. Көпірден коммутаторлардың басты ерекшелігі
    А. Екі локальды жүйені байланыстырады.
    В. Коммуникациялық мультипроцессор қызметі
    С. Кабельдерді компьютерлерге қосады
    3. Коммутирлік хабтардың екінші атауы
    А. Концентраторлар
    В. Коммутаторлар
    С. Репитерлер
    4. Байланыс топологияларында көпірлер мен коммутаторларды пайдалануында шектеулер қойатын коммуникациялық тағы бір құрылғы.
    А. Маршрутизатор
    В. Көпір
    С. Қайталамалар


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет