№1 Жұмыс
Тас көмірді флотация әдісімен байыту.
Кокс алу үшін қолданылатын тас көмірдің құрамында кремний оксиді, темір сульфиді және саздар болады. Олар тас көмірдің сапасын төмендетеді және қалдық кокс газында күкіртті сутек мөлшерін арттырады. Сондықтан қоспалардан тазарту үшін әртүрлі маркалы тас көмірлер байытылады.
Жұмыстың мақсаты: Концентрат шығымы мен тас көмір концентрациясының дәрежесін анықтау.
Реактивтер: тас көмір, керосин, көпірткіштер (циклогексанол, крезол және т.б).
Құрал-жабдықтар: зертxаналық флотациялық машина (3сурет), металды бекіткіш, фарфор келі-келсап, фарфорлы табақша немесе стакан, секундомер, құм моншасы, 100 мл-лік (2дана) стакан, 0,2-0,05 мм елегіш.
Жұмыстың орындалу реті: Тас көмірді флотациялық машинада жүргізіледі. Ол 1 фотокамерадан, 2 электромотор, 3-араластырғыш, 4-бекітуге арналған шойынды бағаналардан тұрады. Флотокамера өзара байланыстыратын екі бөлімнен тұрады. А-араластырғыш және Б-бөлгіш. Флотациялық концентратқа арналған 5 стакан Б-бөлгіш бөлімнің жанына орналастырады. Тас көмірдің 1,0-1,5 грамын фармор келіде өлшемі 0,2 мм бөлшекке дейін ұнтақтап, (елек №0,25) електен өткізеді. Ал, едәуір ірі бөлшектерін қайтадан ұнтақтайды, себебі, тас көмірдің өлшемі 2,5 мм көп болса, онда ол қалдаққа шығарылады.
Флотация жүргізу үшін ұнтақталынған, електеп өткізілген тас көмірден 1,0-1,2 грамын өлшеп алып, флотациялық камераның А-бөліміне салады да, үстіне 9-10 мл су құяды. Араластырғышты қосып, 5-7 минут араластырады. Содан кейін жинағыш ретінде керосин қосады, 1000 кг тас көмірге 0,5 кг керосин қажет. Соған сәйкес флотацияланатын тас көмірге керосин мөлшерін есептеп алып, керосин қосылған соң тағы да 4 минут қойыртпақты араластыру керек.
Содан кейін ғана 1л қойыртпаққа 10-20 г көбік түзуші қосады. Қатты заттың сұйық затқа қатынасы 1:5 - 1:3 аралығында болады. Б-бөлімінде өлшенген стаканға 5 қоймалжың зат түспейтіндей етіп көбікті металды қырғышпен алады. Бөліп алынған көбік құм моншасында кептіріледі жəне алынған концентрат өлшенеді. Флотация аяқталған соң камерада қалған қойыртпақты шыны стаканға құйып алады. Флотациялық камераны шайғыш арқылы сумен жуады. Қалдық затты стаканға салады. Флотациялық қалдықты алдын-ала өлшеніп алынған сүзгі қағазымен кептіріп, өлшейді. Концентрат шығымын мына формула бойынша анықтайды:
h=(m2×100)/m1
Мұндағы - концентрат шығымы; %
m1 - флотацияға арналған заттың массасы, г.
m2 - концентрат массасы, г.
Концентрация дəрежесі бастапқы зат массасынының концентрат массасына қатынасын көрсетеді, оны мына формула бойынша есептейді:
R=m1\m2
Мұндағы m1 - флотацияға арналған заттың массасы, г; m2 - концентрат массасы
3-сурет. Механикалық араластырғышы бар зертханалық флотациялық машина:
1-флотокамера; 2-мотор; 3-араластырғыш; 4-бағана; 5-концентратща арналған стакан.
Достарыңызбен бөлісу: |