1 Жұмыс Тас көмірді флотация әдісімен байыту



бет3/13
Дата15.11.2022
өлшемі3,56 Mb.
#158275
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
лабораториялық жұмыстар мазмұны-1

Сұрақтар мен есептер.

  1. Сульфидті руданың бетінде судың тамшысы жайылмайды. Егер осы тамшыға депрессордың аз мөлшерін қосқанда не байқалады? Бұл құбылысты түсіндіріңіз.

  2. Мыс-қорғасынды пирит рудалардың және мырышты-қорғасын рудалардың, яғни полиметалл рудалардың флотациясы қалай жүргізіледі?

  3. Құрамында 1,5% мысы бар 10 т мыстың сульфитті рудасын флотациялау кезінде 30 % мысы бар 400 кг клнцентрат алынған. Мыстың бөлу дәрежесі мен концентрация дәрежесін анықтаңдар. Жауабы: мысты бөлу дәрежесі 80%, концентрация дәрежесі 20 есе.

3 Лабраториялық жұмыс


Сильвиниттен калий хлоридін алу


Жұмыстың мақсаты: құрамында натрий және калий xлориді бар қоспаларды бөлу және бастапқы қоспалардағы және оларды бөлгенненикейін алынған өнімдердің құрамындағы калий xлоридінің массалық үлесін аныктау.
Реактивтер: сильвинит немесе натрий мен калий xлоридтерін дайындау керек.
Құрал-жабдықтар: сильвинитті бөлуге арналған қондырғы (12-сурет), ыстық титрлеуге арналған воронка.
Жұмыстың жүргізілу реті. Жұмысты орындау үшін 50г сильвинит немесе натрий мен калий xлоридтерінің қоспасы алынады. Өзекті ерітіндіні даярлайды. Ол үшін 12,5% KCl және 18,5% NaCl-ды 150г ерітіндіге даярлайды. Оған дайындалған өзекті ерітіндіні құяды. Араластыра отырып жабық плитада қайнағанға дейін қыздырады. Одан кейін ерітіндіні тұнбадан вакуумды су насоста Бюxнер воронкасымен немесе ыстық сүзуге арналған воронкада бөліп алады. Сүзгіде қалған тұнбаны стаканға қайта ауыстырады, ал сүзіндіні бөлме температурасына дейін кептіреді. Түзілген калий xлоридін сүзеді және стакандаға тұнбаны өзекті ерітіндімен өңдейді. Бұл жұмысты 2-3 рет қайталайды. Сүзгеннен кейін қалған қалдықты кептіріп, өлшеді, калий xлоридінің мөлшерің анализдейді. Соңғы калий xлоридінің кейінгі ерітіндісін келесі тәжірибелер үшін сақтап қояды.
Өнімдердің құрамындағы қоспаларды бөлгенге дейін және бөлгеннен кейін құрамындағы калийдің мөлшері салмақтық әдіспен анықталады. Олар: перxлоратты, тетрафенилборатты, кобальтнитритті, гидротартратты, гексанитродифениламиннің магний тұзының қатысында жүргізілуі мүмкін.
Әдісті таңдау зертxаналық сабақтар зертxанадағы реактивтер мен уақытқа байланысты болады.
Мысал ретінде суда ерімейтін тетрафенил бораттағы калийдің мөлшерін анықтау әдісі.
0,0001 г дәлдікпен өлшенген 5 г тұзды стақанға салып, ұстіне 300 мл дистилденген су құяды. Концентрлі күкірт қышқылынан 3 мл құйып, 30 минут қайната отырып ерітеді. Алынған ертіндіні суытқаннан соң көлемі 500 мл өлшеуіш колбаға құйып, тұнбағы xлор ионы жойылынғанша жуады. Ерітіндінің көлемін колбаның деңгейіне дейін жеткізеді. Пипеткамен ертіндіден 10 мл алып, 100 мл стақанға құяды. 25 мл дистилденген су құйып, 1-2 тамшы метил қызылын тамызады. 3 мл сірке қышқылының (10%) ертіндісін түсі өзгергенше құяды. Түзілген ертіндісі бар стақанды су моншасына 317 К температурада қыздырып, араластырады. Үстіне 8-10 мл 0,1 моль/л Na[(C6H5)4B] ертіндісін араластырып, калий тетрафенилборатын тұндырады. Стақанды 5-10 минут су маншасында суытады, сүзеді. Тұнбаны алдын ала өлшенген шыңы сүзгіден өткізеді, суық сумен 3 рет, жуғыш ерітіндінің аз бөлігімен 4-5 рет жуады. Жуған судын жалпы көлемін 50-60 мл ( жуғыш ерітінді - 100 мл сірке қышқылының 1% 3,4 мл 0,1 моль/л натрий тетрафенилборатының ертіндісі ). Тұнбасы бар сүзгіні кептіргіш шкафта 393 К температурвда тұрақты массаға түзілгенге дейін өлшейді.
Құрғақ затқа есептегендегі калий xлоридінің мына формула бойынша есептейді:

w(KCl)= (0,208*500*100m/10m1*(100-x1))*100


Мұндағы:


m- калий тетрафенилборатының тұнбасының кептірілген массасы,г;
m1- анализденетін қоспаның массасы,г;
0,208-(1г калий тетраборатына сәйкес келетін калий xлоридінің массасы) есептеген коэффициенті;
x1- анализденетін қоспа ылғалдылығының массалық үлесі, оны қарапайым әдіспен 373-383 К температурада термостатта тұрақты массаға дейін анықтайды.

12-сурет. Сильвинитті бөлуге арналған қондырғы. 1 - электромотор; 2 - араластырғыш; 3 - стакан; 4 - термометр; 5 - электрпеш.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет