Қатты отынның ылғалдылығын анықтау
Жұмыстың мақсаты: Отынның ылғалдылығын анықтау.
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар:
1) Қатты отын (тас көмір,антрацит,тақта тас);
2) Аналитикалық таразы (0,001 г дəлдікпен);
3) Биіктігі 25-30 мм , диаметрі 25-40 мм бюкс;
4) Термометрлі кептіргіш шкаф;
5) Фарфорлы келі-келісап;
6) Торларының диаметрі 0,2 мм елек;
7) Эксикатор.
Жұмыстың жүргізілу реті.
Тас көмір, антроцит немесе тақта тасты келі келісаппен ұнтақтап електен өткізеді. Алдын-ала өлшенген , ұнтақталған, електен өткізілген отыннан тугельге 1 г салып, бірыңғай қабатпен толтырып, 150-180 градуста 10 минут тұрақты массаға келгенше кептіреді. Кептіргіш шкафтан кепкен отынды алып, бюкстің қақпағын жабады. Алдымен ауада, кейін эксикаторда кептіріп, өлшейді. Ылғалдылықты мына формуламен есептейді(%).
W=(M*100)/m
Мұндағы: М – отынның кепкеннен кейкнгі салмағы, г;
m -анализге алынған отынның салмағы,г.
Алғашқы анықталған ылғалдылықты қайтадан 104-105 градус температурада 30 минут кептіреді. Отынның жоғалған салмағы 0,01 г аспауы керек. Егер отынның азайған салмағы 0,01 г көп болса, онда кептіруді қайталау қажет. Яғни. Отынның салмағы 0,01 г азайғанша кептіреді.
Жұмыстың нəтижелерін қорытындылау.
Жұмыстың мазмұнын қысқаша жазып, 17- кестеге толтырады.
Отынның салмағы(г)
|
|
|
|
Кепкенге дейінгі
|
Кепкеннен кейінгі
|
Азайған салмағы
|
Ылғалдылық мөлшері
|
№ 7 Жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |