Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау Мұнай өнімдерінің және мұнайдың тығыздығын анықтау үшін төмендегі үш әдіс қолданылады:
Ареометрлік
Пикнометрлік
Вестфаль таразыда өлшеу
а) Жұмыстың мақсаты: ареометр көмегімен мұнай өнімдернің тығыздығын анықтау.
Қажетті құрал жабдықтар мен материалдар: Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау үшін қолданылатын ареометр;
Диаметрі 5 мм-ден кем емес шыны цилиндр;
50оС температурадағы 2*10-4 м2 /с-тан көп емес тұтқырылықты мұнай өнімдері (бензин, керосин, трансформатор майын т.б)
Жұмыстың жүргізілу реті. Мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау үшін төменгі бөлігі термометрмен жабдықталған арнайы ареометр қолданылады. Ол 0,0005-ке дейін дәлдікпен бөлінген және оның көрсеткіші тығыздықтың дәл мәндерін береді. Ол 20оС температурадағы мұнай өнімдері массасының қатынасын 4оС температурадығы осындай көлемдегі судың массасына қатынасын көрсетеді.
Мұнай өнімін өлшеуіш цилиндрге құяды. Мұнай өнімінің температурасы қоршаған ортаның температурасының 5оС ауытқымауы керек. Содан кейін оны қабырғасына тигізбей құрғақ ареометрді салады. Тұтқырлығы аз өнімдерде ареометр тепе-теңдік жағдайына 2-5 минут өткен соң келеді. Тығыздықтың 20оС температурадыда менисктің жоғарғы жағы бойынша жүргізіді. Көзді менисктің деңгейі бойынша ұстау керек. Екі рет анықтаған тығыздықтардың мәндерінің айырмашылығы 0,01-ден аспау керек. Егер мұнай өнімінің температурасы 20 оС жоғары немесе төмен болса, онда тығыздық мәніне түзету енгізу қажет.
Жұмыстың нәтижесін қорытындылау: тығыздықты анықтау әдісін жазу. Температуралық түзетуге сәйкес келетін нәтижені есептеу.
б) Жұмыстың мақсаты: пикнометр көмегімен мұнай өнімдерінің тығыздығын анықтау.
Тығыздықты пикнометрлік әдіс бойынша анықтау төменде көрсетілген жағдайда ғана анықталады:
Егер мұнай өнімі мөлшері аз болса;
Анықтау жоғары қажеттілікті қажет еткенде;
Егер мұнайдың тұтқырлығы жоғары болса.
Пикнометрдің көп тараған түрлері: деңгейлі пикнометр және қақпағы бар капиллярлы пикнометр. Пикнометр көлемінің артуы өлшеу дәлдігін артырады, өйткені бұл жағдайда өлшеу дәлдігі және мұнай өнімінің көлемінің дәлдігі артады.
Мұнай өнімінің тығыздығын пикнометрлі әдәспен бірдей температурада – судың көлемін және мұнай өнімінің масссасын анықтауға негізделген.