1 Жұмыс Тас көмірді флотация әдісімен байыту


Ароматты көмірсутектердің мөлшерін анықтау



бет12/13
Дата15.11.2022
өлшемі3,56 Mb.
#158275
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
лабораториялық жұмыстар мазмұны-1

Ароматты көмірсутектердің мөлшерін анықтау.

Бұл әдіс мұнай өніміндегі қанықпаған және ароматты көмірсутектердің концентрлі күкірт қышқылымен (98,5-99%) әрекеттесуіне негізделген.


Жұмыстың мақсаты: Мұнай және мұнай өнімдерінің құрамынан ароматты заттардың мөлшерін анықтау
Реактивтер: күкірт қышқылының ерітіндісі (98,5-99%) 0,5 моль/литр натрий гидроксидінің ерітіндісі.
Индикаторлар: фенолфталеин (0,1% спиртті ерітіндісі), метилоранж (0,1 % сулы ерітіндісі), этанол, дистилденген су.
Құрал-жабдықтар: көлемі 100-250 мл бөлгіш воронкалар, көлемі 10-15 мл өлшеуіш цилиндрлер, 25-30 мл бюреткелар, көлемі 250 және 500 мл конус колбалар,шайғыш, сүзгі қағазы.
Жұмыстың жүргізілу реті. Таза құрғақ бөлгіш воронканы 0,01 грамға дейін дәлдікпен өлшейді. Оған 10 мл зерттелетін мұнай өнімін құйып қайтадан өлшейді. Үстіне 30 мл күкірт қышқылын құяды және бөлме температурасында 30 минут араластырады.Бөлгіш воронканың шүмегін үздік-үздік ашып отыру керек , себебі жоғары қысым түзілмеуі керек. Салқындата отырып қана араластыру қажет. Содан кейін бөлгіш воронкадағы қоспа тұну үшін оны тік күйде темір бекіткішке орналастырады да, 1 сағатқа қалдырады. Кейін жоғарғы қабаттағы көмірсутектердің күкірт қышқылды қабатын төменгі жағынан бөледі. Бөлгіш воронканың түтігінде қалған қышқылды сүзгі қағазбен тазалайды.
Мұнайы бар бөлгіш воронканы өлшейді және зерттелетін мұнайдың массасын есептейді. Бөлгіш воронканы тік жағдайда темір бекіткішке орнатып, мұнайды конус тәрізді колбаға құяды. Бөлгіш воронканың тығынын және ішкі жағын дистилденген сумен жуады. Мұнай өнімі бар колбаға жуған суларды жинақтайды. Колбаның ішіндегі затқа фенолфталеин тамызып әлсіз күлгін түске дейін натрий гидроксидінің ерітіндісімен титрлейді.
Бөлгіш воронканың қабырғасында қалған күкірт қышқылының салмағын мына формула бойынша есептейді:


Мұндағы, V – NaOH ерітіндісінің көлемі, л;
С – натрий гидроксидінің концентрациясы, 0,5 моль/л;
М – күкірт қышқылының молекулалық массасы, г/моль.
Ароматты көмірсутектердің мөлшерін мына формуламен анықтайды:



Мұндағы, - өңделмеген мұнай өнімінің салмағы, г;
- бөлгіш воронканың қабырғасында қалған салмағы, г.
Жұмыстың нәтижелерін дәптерге жазады;( жұмыстың мақсаты, химиялық реакциялары, берілген жағдайы, тәжірибенің қысқаша мазмұны) қондырғының бөлшектерін белгілеп үлгісін сызады. Сұйық өнімнің крекинг анализ және есептеп нәтижелерін 21-кесте түрінде кескіндейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет