Электр машиналары - механикалық энергияны электр энергиясына және, керісінше, электр энергияны механикалық энергияға түрлендіруге арналған электромеханикалық қондырғылар.
Электр машиналарын - электромеханикалық түрлендіргіштерді (ЭТ) –
үш класқа бөлуге болады:
- индуктивтік ЭТ,
- сыйымдылықтық ЭТ
индуктивтік – сыйымдылықтық ЭТ
Индуктивтік электромеханикалық түрлендіргіште магнитөрісіжұмыстық өріс саналады, энергияның электромеханикалық түрленуі ораманың индуктивтілігінің өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады.
Сыйымдылықтық электромеханикалық түрлендіргіште энергияның электромеханикалық түрленуін электр өрісі сыйымдылықтың өзгеруі нәтижесінде жүзеге асырады.
Индуктивті – сыйымдылықтық электромеханикалық түрлендіргіште энергияның электромеханикалық түрленуі магнит өрісі мен электр өрісі арқылы орындалады, қарапайым жағдайда, бұл түрлендіргіш бір электромеханикалық жүйеге индуктивтік және сыйымдылықтық машинаның электрлік тізбегін және жылжымалы бөліктерін біріктіру арқылы жасалады.
Индуктивтік ЭТ-теэнергия магнит өрісінде, ал сыйымдылықтық ЭТ-те энергия электр өрісінде шоғырланады.
Индуктивтік ЭТ-те энергия магнит өрісінде, ал сыйымдылықтық ЭТ-те энергия электр өрісінде шоғырланады.
Сыйымдылықтық түрлендіргіштер индуктивтік түрлендіргіштерден ерте пайда болса да өндірісте олар күштік қондырғылар ретінде қолданыс таппады.
Индуктивті–сыйымдылықтықэлектромеханикалық түрлендергіштер жасау жолында жаңадан алғашқы жұмыстар жасалуда.
Кең тараған индуктивтік электр машиналарын қарастырамыз.
Индуктивтік электр машиналарының барлық түрлерін қоректену түрлеріне байланысты тұрақты және айнымалы ток машиналары деп бөлуге болады.
Айнымалы ток машиналары өз кезегінде мынадай топтарға бөлінеді: