Айнымалы ток машиналарында магнит өрісін тудыру үшін реактивті қуат керек. Олардың орамаларында активті және реактивті токтар жүреді. Реактивті токтар айналмалы магнит өрісін тудырады, ал активті токтар машинаның активті қуатын тудырады.
Айнымалы ток машиналарында магнит өрісін тудыру үшін реактивті қуат керек. Олардың орамаларында активті және реактивті токтар жүреді. Реактивті токтар айналмалы магнит өрісінтудырады, ал активті токтар машинаның активті қуатын тудырады.
Активті және реактивті энергиялар ағындарының бағыты электр машинасының жұмыс режимдеріне тәуелсіз, бағыттас немесе қарама-қарсы болуы мүмкін. Бөлінетін жылу энергиясының бағыты өзгермейді.
Бірінші және екінші заңдардан электр машиналары энергияны жинақтағыш (шоғырландырғыш) екендігі туындайды.
Индуктивті машиналарды энергия статор мен ротор арасындағы ауалық саңылауға шоғырланса, трансформаторларда магнитөткізгіште және орама арсаындағы кеңістікке шоғырланады. Сондықтан электр машиналарын жобалау кезінде есептеуді саңылау көлемін анықтаудан бастайды, онан кейін магниттік жүйенің геометриялық өлшемдерін анықтайды.
Үшінші заң
Үшінші заң
Энергияның электромеханикалық түрленуі бір-біріне байланысты қозғалмайтын өрістер арқылы жүзеге асырылады.
Статор мен ротор арасындағы ауалық саңылауда қорытынды өріс және электромагниттік момент Мэм пайда болады
М=Рэм /ωс
Мұндағы Рэм - электромагниттік қуат, ауалық саңылауға шоғырланған магнит өрісінің қуаты; ωс- өрістің бұрыштық жылдамдығы
Бір-біріне байланысты қозғалмайтын өрістер арқылы электромагниттік момент Мэм пайдаболса, ал бір-біріне байланысты қозғалатын өрістер арқылы ПӘК-ті азайтатын жылу ағыны пайда болады.
Электр машинасын жобалаған кезде ауалық саңылауда шеңберлік (круговое) өріс тудыруға тырысады (синусоидалы өріс деп те атайды)