Демокриттің «небір өнер я даналық шыңына оларды оқыпүйренбей жету әсте мүмкін емес» дегеніндей, жоғарыда тізбектеліп берілген сапалық белгілердің қалыптастырылуы шешендіктану ілімін оқу пәні ретінде айқындайды. Ендеше, шешендіктануды «шешендік өнер» деп атай отырып, біз шығармашылықтың өзге түрлері сияқты, табиғи деректер, іштей туа біткен қабілет бұл арада басты анықтаушы рөл атқармайтындығын мойындаймыз. Бұл арада ең бастысы – оқу мен өз бетімен білім көтеру, тілдік қарым-қатынастың заңдары мен ережелерін жете меңгеру, шешеннің өзімен тынымсыз жұмыс жасауы, табиғи қабілетті дамыту мен аса қажетті жаңа қасиеттерге баулу, үздіксіз жаттығу мен нақты шешендік тәжірибесі.
Достарыңызбен бөлісу: |