«шешендік өнер», «шешендік», «шаршы топ алдында ауызша сөйлеу шеберлігі», «элоквенция» сияқты өзге де атаулары бар. Олар бір-бірімен толықтай сәйкеспейді, өзара нәзік айырмашылықтары бар, дегенмен жастарды шешен сөйлеуге баулуда оларды бір-бірімен синонимдес ілім ретінде қарастыру ыңғайлы. Шешендіктану ілімінің қарастыратын орталық басты ұғымы шешен (латынша очаче - сөйлеу) – көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам (грек тіліндегі синонимі – rhetor - ритор). Оның өз сөзін қарата айтқан адамдары, сөз сөйлеуге арналған көпшілік аудитория болып есептеледі