(талант – ingenium, дағды - usus, білім - doctrina) сай адам ғана дүлдүл шешен болып қалыптаса алады, бұлардың ішінде ғылым бәрінен де маңыздырақ, себебі сайыс нәтижесі білімді шешен пайдасына шешілмек. Цицерон шешенді баулып қалыптастырудағы бірден-бір маңызды пәндердің сапына әдебиетті, тарихты, құқық пен философияны (әсіресе, оның логика және этика бөлімдерін) жатқызады Осы орайлас ойларды жалғастыра келе, М.В.Ломоносов шешендікті меңгеру үшін, табиғи дарындылық, ғылым, дүлдүл шешендерге еліктеу, шығармашылық тұрғыда машықтану, өзге ғылым салаларынан хабардар болу сияқты бес түрлі қалып-қасиеттің аса қажеттігін баса айтады. Бұл арада «ғылым» шешендікке барар нақты да бірегей, бұлжымас жолды нұсқаудан, қажетті ережелерді танытудан құралса /бұл арада шешендіктану/, М.Ломоносов өзге ғылымдардың ішінен тарих пен этиканы ерекше бөле-жара атайды. Орыс риторы