Төлемқабілеттілік дегеніміз-бұл шаруашылық келісімшарттарға сай жабдықтаушылардың төлем талаптарын уақытылы қанағаттандыру, несиелерді қайтару, жұмысшыларға еңбек ақы төлеу, бюджетке төлемдер төлеу және т.б. қабілеттігі.
Өтімділік корпорацияның міндеттемелерінің оның активтерімен жабылу дәрежесін көрсетеді, олардың ақшаға айналу мерзімі міндеттемелерді жабу мерзіміне сай болуы керек.
Өтімділік кәсіпорынның міндеттемелері мен оның активтерінің арасындағы теңдікпен орнатылады. Активтер өтімділігі – бұл активтердің ақшаға айналу үшін қажетті уақытқа қарсы шама.Басқаша айтқанда, активтердің ақшаға айналуына қажетті уақыт аз болған сайын, ол соғұрлым өтімді болып келеді.
Төлемқабілеттілікті мерзімі жеткен кезде ұзақ мерзімді қарыздарды кәсіпорынның жабу қабілеттігін анықтау үшін бағалайды.
27. Корпоративтік ұйымның банкроттық ықтималдығын бағалау әдістері
Заңды тұлғалардың банкроттылығын бағалау кезінде келесі қатынастарды талдау керек:
- айналмалы капиталдардың барлық активтерге қатынасы;
- акционерлік капиталға қарызы;
- барлық пассивтердің барлық активтерге;
- негізгі капиталдың акционерлік капиталға;
- таза пайданың барлық активтерге;
- операциядан түскен қолма-қол ақшаның барлық пассивтерге;
- таза пайда мен несие пайызынң несие пайызына қатынасы.
28. Корпоративтік ұйымның қаржылық жоспарларының мазмұны, мәні және түрлері
Жоспарлау- бұл стратегиялық жоспарлау мен маркетингтік жоспарлаудан тұратын кәсіпорынның пайдасы мен өткізу нарығының өсуіне бағытталған ресми процедура.
Достарыңызбен бөлісу: |