Препарат атауы: Гиалоплазманың трабекулярлы торы.
Бояуы:Жоқ. Электронды микросурет
Құрылысы/құрамы:
1) Трабекулярлы жіпше;
2) Микротүтікше;
3) Полисомалар;
4) Жасушалық мембрана;
5) Эндоплазмалық тор;
6) Митохондриялар;
7) Микрофиламенттер.
Құрылыс ерекшелігі:
Гиалоплазма - бұл әр түрлі биополимерлерді: белоктарды, нуклеин
қышқылдарын, полисахаридтерді және т.б. қамтитын күрделі коллоидты
жүйе. Бұл жүйе зол тәрізді (сұйық) күйден гель тәрізді күйге және кері
айналуға қабілетті. Гиалоплазманың ұйымдасқан, реттелген көпкомпонентті
жүйесінде жекелеген аймақтар жағдайларға байланысты немесе
функционалды жағдай бойынша өзінің агрегаттық күйін өзгерте алады: көзге
құрылымсыз гиалоплазмада ақуыз молекулаларының әр түрлі фибриллярлы,
жіп тәрізді комплекстері пайда болып, ыдырауы мүмкін. Гиалоплазма
негізінен әртүрлі глобулярлы ақуыздардан тұрады, олар эукариотты
жасушадағы жалпы белок құрамының 20-25% құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: