Препарат атауы: Нейросекреторлық жасушадағы митохондриялар.
Бояуы: Электронды микросуреті. Х77000.
Құрамы/құрылысы:
1)
Сыртқы митохондриялық мембрана;
2)
Ішкі митохондриялық мембрана;
3) Митохондриялық қабыршақтар.
Құрылыс ерекшелігі:
Митохондрияның қабырғасы екі мембранадан құралады: сыртқы жағы тегіс
беткейге ие, ал ішкі мембранасын кристалар құрайды.
Митохондрияның
сыртқы мембранасы арқылы гиалоплазмадан
мембранааралық кеңістікте көптеген ұсақ
және ірі молекулалар өтіп
отырады. Ол үшін мұндағы орналасқан белок
молекулалары кең гидрофилді
каналдарды және сәйкес заттармен байланысатын мембраналық
рецепторларды қалыптастырады.
Митохондрияның
ішкі мембранасы матрикске
қарай қыртыстаркристалар
құрайды. Кристалардың бетінде ,пішіні саңырауқұлақтарға
ұқсаған- дөңгелек
келген басы және қысқа аяқшаларынан тұратын элементарлы түйіршіктер
орналасады.
Митохондриялық матрикс- митохондрия
қуысын толтыратын, жүзден
астам ферменттерге ие гомогенді және ұсақ түйіршікті, ортасында ДНҚ
молекуласының жіпшелері бар сұйық зат.
Орналасуы: Жасуша цитоплазмасының құрамында
Қызметі: органикалық заттарды және АДФ-ты фосфорландыру нәтежесінде
АТФ молекуласын синтездеу. Митохондрияның ДНҚ-сы мутацияға
ұшыраған жағдайда “митохондриялық аурулар” дамиды.
Атауы: Рибосома
Бояуы жок
Достарыңызбен бөлісу: