1. Атом құрылысы. Сутегі атомының Бор бойынша құрылысы. Квант сандары



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,98 Kb.
#83756
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 2 Атом құрылысы


Дәріс 2. Атом құрылысы
1. Атом құрылысы. Сутегі атомының Бор бойынша құрылысы. Квант сандары.
2. Паули принципі, Хунд, Клечковский ережелері

Сабақтың мақсаты: атомның электрондық құрылысын, , ядролық реакцияларды және өзгерістерді зерттеу, Паули принципі, Хунд және Клечковский ережелерімен танысу


1. Атомнының ядролық моделін 1911 жылы Э.Резерфорд ұсынды, бірақ ол классикалық физика заңдарымен түсіндірілмеді, себебі орбитамен айналған электрон энергиясын электромагниттік сәулеге айналдырып жоғалтып, ядрода жұтылуы тиіс еді. Бұл моделдің кемістігін жоғалту үшін Н.Бор 1913 жылы атомды сипаттау үшін М.Планктің 1900 жылы айтқан сәуленің кванттық теориясын және атомдағы электронның дискреттік ( секіріспен өзгеретін) энергетикалық күйі туралы ұғымды пайдаланады. Сутегі атомына айтылған Бор теориясы үш постулатамен көрсетілді: электрон ядроны тек стационар (белгілі радиустағы)орбитамен айналады, сонда электронның энергиясы тұрақты болып қалады. Квант энергияны hn
( n - тербеліс жиілігі, һ – Планк тұрақтысы 6,62×10-34 Дж×с) электрон жұтқанда ол ядродан алыстау орбитаға өтеді, сол квант энергия электрон кері секіргенде қайтадан бөлінеді. Бас квант саны 1,2,3,..., орбита номерін не электрон болатын энергетикалық деңгейді көрсетеді. Н.Бор стационар орбитаның радиусын және сол орбитадағы электрон қозғалысының жылдамдығын есептеді:
rn = h2n2 / 4p2me2 және u = 2pe2 / hn , содан r1 = 0.053нм, u1 = 2187км/с .
Сонда Бор теориясы атом моделінің оның спектрлерімен сәйкестігін олардың шығу тегі мен структурасын түсіндірді.Әр спектралды сызық үшін тербеліс жиілігі мына теңдеуден есептеледі. hn = DE = E а – Е ж, мұндағы Еа және Еж ядродан алысырақ және жақынырақ орбиталдардағы электрон энергиясы. Электронның толық энергиясы оның кинетикалық және потенциалдық энергиялар қосындысына тең .
hn = 2p2me4 / h2 ( 1/ n2ж – 1/ n2 a) = K ( 1/ n2ж – 1/n2а), n = K/h( 1/ n2ж – 1/n2a),
K/h – Ридберг константасы R, 3.28×1015 c-1 ( Гц ).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет