Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат
Мақсаты: Балаларға 5 білім беру саласы бойынша тапсырмалар беру арқылы қыстың ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту, тілдерін дамыту, танымдық қабілеттерін арттыру, бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын ояту, жолда жүру ережелерін қайталату, денсаулықтарын нығайту, сурет бойынша әңгіме құрастыру шеберлігін жетілдіру, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту және адамгершілікке (достық қарым-қатынас, көмек көрсету) тәрбиелеу.
Билингвальдік компоненттер: қыс-зима, орман-лес.
Көрнекілік: слайд,суреттер.
Әдіс-тәсіл: жұмбақ,әңгімелеу,ойын,тапсырма,сөзжұмбақ,тақпақ.
Іс-әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қызығушылық кезеңдері «Шаттық шеңбері»
«Шаттық шеңбері»
Тәрбиеші: Қазір қай мезгіл?
Қыс мезгілінің айлары?
Бір аптада неше күн бар?
Тәрбиеші: Жұмбақ жасыру:
Тәрбиеші:Ия.Дұрыс айтасыңдар.
-Балалар,сендер саяхатқа шыққыларың келе ме?
-ия
-Ендеше, біз қазір қысқы орманға саяхат жасаймыз.
Орманда нелер болады?
Сол орман аңдарының тапсырмасын орындап,әр аңның құпия сырын ашайық.
Орманда келе жатырмыз.Алдымыздан қоян шықты .
Қоянның тапсырмасы:
Тәрбиеші: Қоянның тапсырмасын орындадық,қоянның құпия сыры мынау екен Қоянның түсі күзде ақ сұр түске айналады,ал қыста оның жүні ақ түске айналады.
Жақсы ,балалар,саяхатымызды жалғастырайық.Орман ішімен жүріп келеміз.Алдымыздан ағаштан ағашқа секіріп жүрген тиін кездеседі.Тиіннің тапсырмасы.
Тәрбиеші:Тиіннің тапсырмасын орындадық ,оның құпия сыры –тиіннің түсі сарғылтым түске ұқсайды .Ол жаңғақтарын інінің қасына кептіріп, іліп қояды екен.
Тәрбиеші: Саяхатымызды жалғастыра отырып , сергіп алайық.
Саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Келе жатып алдымыздан Қасқыр кездесті.
- Балалар, айтыңдаршы, қасқыр қандай болады? Тісі қандай?
- Қасқыр зор денелі, қоңыр қара түсті, кейде қоңыр қызғылт түсті болады. Тісі азулы мықты болады. Аузы үлкен жабайы аң. Ал енді сол қасқырдың тапсырмасын орындайық.
Қасқырдың тапсырмасы:
1.Қысқы ормандағы ағашты қармен жамылдыр. (ағаш үстіне мақталарды желіммен жапсыру)
- Субояуға саусақты малып, қысқы ормандағы шыршаның суретін сал.
Ал енді, балалар, орманда мекен ететін қу әрі айлакер аңды білесіңдер ме? Кәне, ол қандай аң, кім айтады?
Жарайсыңдар, жауаптарың өте дұрыс.
Түлкінің тапсырмаларын орындайық.
- Көрсетілген жол белгілерінің атауын атаңдар?
-Жарайсыңдар балалар!
- Маң-маң басып жүретін, балды жақсы көретін қандай жыртқыш аңды білесіңдер?
- Аю
- Жауаптарын өте дұрыс. Енді аюдың тапсырмаларына кезек берелік.
-Қыс мезгіліне байланысты тақпақтар айтып беріңдер.
Орман аңдарының тапсырмаларын орындап біттік. Орманға саяхатымыз осымен аяқталды.
Ал енді «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?» ойынын ойнап жіберейік.
(Геометриялық пішіндерден аққала құрастыру\
Жарайсыңдар, балалар!
Қорытындылау:
Сұрақ-жауап:
- Балалар, бүгін саяхатымыз сендерге ұнадымы?
- Біздер қайда бардық?
- Қысқы орманда не істедік, не көрдік?
- Бүгінгі ұ. о. і. ұнады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |