Сабақтың мақсаты: Білімділік: Сақтардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтау



Дата19.02.2017
өлшемі23,09 Kb.
#10890
түріСабақ
Күнделікті сабақ жоспары 6кл. қ/т
« » _____________ 200 ж. Пән: тарих сынып _________

Сабақтың тақырыбы: §13. Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сақтардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтау,

өмір тіршілігі мен шаруашылығы туралы деректермен таныстыру..



Дамытушылық: Сақтардың кәсібі қол жеткізген жетістіктерін салыстыра

отырып, айырмашылығын, ортақтығын тауып, ой қорытындылай білу

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек, адамгершілік, ерлікке, батырлыққа деген

сүйіспеншілікке тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Карта, «сақ адамдар тіршіліктері, қыш-құмыралар» суреттер.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Амандасу

ә) Сабаққа дайындықтарын байқау

б) Үй тапсырмасын тексеру


Балалар назарын сабаққа аудару.

Үй берілген тапсырмасын жалпы сыныптан тексеріп шығу және бағалау мақсатында, сұрақтары бір-біріне қойып сұрақ-жауап ойынын өткізеді. Оқушылардың тапсырмасын әр партаны аралап жүріп, тексеру. Осылайша үй тапсырмасын оқушылармен бірге қорытындылап, жаңа тақырыпқа көшеміз.


Үй тапсырмасын сұрау.

Сақ тайпалары жөнінде жазбаша сұрақтар беруге болады.

1. Қазақ халқының негізін қалаған қандай тайпаларды білесің ?

( Сақ, үйсін, қаңлы, алан, ғұн ).

2. Сақ тайпалары қай жерлерді мекендеген ?



(Б.з.б, 1-мыңжылдықта Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан).

3. Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай ?



( Мал шаруашылығы).

4. Сақ қоғамында өмір сүрген адамдардың үш тобы?



( Жауынгерлер, абыздар, малшылар мен егіншілер).

5. Сақтарға кімдер шабуыл жасады, олардың атын ата ?



( Б.з.б. 529-528ж. Кир. Б.з.б. 518ж. І Дарий және а. Македонский)

6.Сақтардың ержүрек әйел патшасы. ( Томирис).

7.Сақтардың ержүрек жауынгері. ( Шырақ ).

8.Сақ тайпалары жөнінде еңбек жазған грек ғалымы. ( Геродот)


Жаңа сабақтың жоспары:

1.Сақтардың тұрмысы

2.Сақтардың шаруашылығы

3.Ертедегі темір өндіру


«Тарихтың атасы» атанған геродот сақтар туралы: «Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді» деп жазған.

Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп-қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар киізбен жабылған арбада отыратын.


1. Өзіндік жұмыс оқулық бойынша

2. Деңгейлік тапсырмалар картамен

Қорытынды: Сақтар «дұшпанға-қатал, досқа-адал» болған.

Гректер сақтарды аса жоғары құрметтеп,



оларды әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген.

Оқушыларды бағалау: Жақсы жауап берген оқушыға баға қою.
Үй тапсырмасы туралы хабар. §13. оқу. 52 бет. 4 сұраққа жауап беру.
Каталог: uploads -> doc -> 12bb
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12bb -> Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері 5 сыныпта, «Мен таулықпын», 6 сыныпта «Қайырлы түн»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет