Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Оқу қызметі жұмбақ жасырудан басталды.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады,
Ол не?
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрын- сәбіз, үп- үшкір,
Көзі-көмір, қап-қара
Ол не?
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
-Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?
- Үскірік аяз болып тоңғанда не істейді?
- Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
Суреттерді көрсетіп,қысқы табиғаттың ерекшелігін айтамыз.
Слайд. Ауа-райы.
Слайдпен көрсетіп, кляксография әдісімен қар кесегін салу жолдарын көрсету.
Көптілділік: Қар-снег- snow
Бұл кляксография әдісін ақ қағаздарды дайындап алайық.
-Балалар ақ сия мен көк сияны араластырамыз сол кезде көкшіл түске айналады.
-Осы сияны қағазға тамызып оны түтікшемен үрлейміз.
-Сол кезде қар кесегінің суреті дайын болады.
Сергіту сәті видео ролик
Тақтамен жұмыс
«Топқа бөлу» дидактикалық ойыны.
Шарты:тақтада қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы ойындар. Суреті ілініп тұрады. қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы ойындартиісті белгілерді жанына орналастырады.
Мақсаты: қысқы табиғат көрінісін бейнелейтін сөздерді айтқызу. Қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
|
Қар
Аққала
- Қыс Желтоқсан,қаңтар, ақпан айы. Күн суық болады,қар жауады, аяз болады, боран соғады. гу-гу-гу боран соғады
Балалар үйде отырады.
Далаға шығып шанамен ойнаймыз
Балалар қайталап айтады.
Балалар ақ сия мен көк сияны араластырады.
Балалар үрлеу әдісімен қар кесегін салады.
Балалар қимылмен жасайды.
Ойын шартымен танысады, тапсырманы орындайды.
|