Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Шелек ауылы
«Бәйтерек» балалар бақшасы
Бекітемін:
«Бәйтерек» балалар
бақшасының меңгерушісі:
Қ.А.Жунусова__________
Ашық сабақ
Қыс қызығы.
Мектепалды даярлық «Көгершін» тобы.
Тәрбиеші: ЖулдыбаеваА.Н.
2014-2015 оқу жылы.
Тақырыбы: Қыс қызығы.
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы,қысқы ойындар туралы суреттер,қысқы киімдердің суреті.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбері.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
(Балалар шеңбер бойында тұрады.Қолды алға созу.Қолды кеудесіне қою.Басты төмен ию).
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Мүмкін күз,мүмкін жаз шығар?
-Қыс мезгілінде қар жауады,аяз болады,мұз болады.т.б.
-Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
-Күн суық болады.Боран болып,су қатып мұз болады.
-Жарайсыңдар балалар!Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз «Қыс қызығы». Қыс мезгілі туралы көптеген суреттер, әндер, тақпақтар бар екен.
Мінеки, балалар мына суретке қараңдаршы, дала аппақ, қар жауып тұр. Балалар таза ауада серуендеп жүр екен. Олар өздеріне ұнайтын ойындарды ойнап жүр.Біреулер шанамен,біреулер шаңғы,конькимен ойнап жүр.Енді біреулері аққала жасап,қар лақтырып,сырғанақ теуіп ойнап жүр.Балалар сондай көңілді.
-Балалар қандай киім киген?
-Жақсы,балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер шешуін табыңдар.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
Суға салсаң батпайды,
Отқа салсаң жанбайды.(мұз)
-Жарайсыңдар,балалар! Енді орнымыздан тұрып,бір сергіп алайық.
Сергіту сәті
Ішік, пима қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз алақай!
Ойын. «Жасырын сөзді тап!»
Ойын шарты: Әріптерді өзі түстес торға сұрақтарға дұрыс жауап бере отырып жазу арқылы,жасырынған сөзді табу.
-Бірінші торкөздің түсі қандай? Олай болса,көгілдір түсті үйде қандай әріп тұрады? Оның сұрағы?
№1-сұрақ. Көгілдір түс. Қыс мезгілінің табиғат ерекшелігін ата.
№2-сұрақ. Қызғылт сары түс. Қыста киетін киімдер туралы айтып беріңдер.
№3-сұрақ. Көк түс. Қысқы ойындарды атаңдар.
№4-сұрақ. Қызыл түс. Қыста болатын мейрамдарды атаңдар.
№5-сұрақ. Қоңыр түс. Қыстап қалатын құстар туралы айтып беріңдер.
№6-сұрақ. Сары түс. Қыс туралы тақпақ кім біледі?
№7-сұрақ. Қызғылт түс. Жұмбақты шешіп көріңдер.
1. Ақ мақтадай ажары,
Қыста оның базары.(Қар)
2.Қыс бойы жалтырадым,
Көктемде сарқырадым.(Мұз)
3. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан тұратын,
Тауып көрші сен оны. (Аққала)
Ұшып жүрген ақ көбелек биіктен,
Қона қалды ақ шапан боп киіп жер.(Қар)
№8-сұрақ. Күлгін түс. Қыс мезгілінде неше ай бар,ата?
№9-сұрақ. Жасыл түс. Сурет бойынша сөйлем құра.
-Жарайсыңдар,балалар! Сендер сұрақтарға өте жақсы жауап бердіңдер! Енді қандай сөз шыққанын оқып көрейік. «Қыс қызығы» сөзі шықты.
-Сонымен балалар,қыс несімен қызық екен? (Балалардың жауаптары.)
-Жарайсыңдар,сендер бүгін сабаққа өте жақсы қатыстыңдар! Сондықтан сендерге жұлдызшаны сыйлыққа беремін.
Достарыңызбен бөлісу: |