Шығыс Қазақстан Облысы Ұлан ауданы Герасимовка ауылы Герасимовка орта мектебінің Мектепалды даярлық сынып мұғалімі Муздапарова Райгуль Адиковна Ұйымдастырылған оқу іс -әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту Тақырыбы: «Қыс қызығы »
Мақсаты:
1.Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін тиянақтау, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерді бақылап ажырата білуге, қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын , қысқы киім түрлерін әңгімелеп айту арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету.
2.Тілдік қорын, ой-өрісін дамыту.
3.Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әрекет - кезеңдері
Мұғалімнің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациалық-оятушылық
Қайырлы күн достым!
Қайырлы күн болсын!
Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетін «Қыс қызығы» деген видеоны көрсетуден бастау.
-Балалар не байқадыңдар?
-Балалар жылдың неше мезгілі бар?
Жыл мезгілдерін атайық?
Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің айларын атайық.
-Қазір қай ай?
- Қыста қандай өзгерістер болады, қандай ойындар ойнаймыз?
«Не артық?» ойынын ойнау.
Тақпақ жаттау
- Балалар қыста біздер қалай киініп жүреміз?
- сырт киімдерді атайық?
-ендеше киімдер санамағын еске түсірейік.
Ойын: « Сыңарын тап»
Қыс жыл мезгілдерінің ішіндегі суық мезгіл, қыста барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді, кейбір суыққа төзімді құстар қыстап қалады.Бұлар сауысқан,қарға, торғай.Қыста құстардысуықтан қорғануға сыртқы жүндері де көмектеседі.
Музыкамен қимылдар жасату.
Көргендерін , байқағандарын айтады. Қай мезгіл екендігін ажыратады.
жылдың төрт мезгілі бар
қыс, көктем, жаз, күз
қыс мезгілі
Көктем, жаз, күз, қыс
Желтоқсан
-қар жауып жердің беті ақ болады, шанамен сырғанаймыз,шаңғы тебеміз, аққала жасаймыз.
Суреттен артық затты табады.
Бірнеше рет қайталап жаттайды.
- жылы киініп жүреміз
- малақай,тон, етік, қолқап, шәлі.
Өткен сабақта жаттағандарын еске түсіреді.
- балалар ойын барысында қолғаптың түр – түсіне, ондағы өрнектердің орналасуына қарай сыңарын табады.
Қимылды қайталайды.
Қорытынды
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын.
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады.
2.Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы
Қыста қардан тұрады,
Танып көрші сен оны
-Енді осы қар, аққала сөздеріне дыбыстық талдау жасайық.
Аққала құрастыру.
-Балалар , міне бағанадан айтқандарымыздың барлығы қыс мезгілінің қызықтары. Қыс мезгілінің қызықтары бұл ғана емес және де осы мезгілде болатын мерекелер де бар.
-Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
-Жаңа жыл мерекесінде не істейміз?
-Сол мерекеге орай біз де шыршамызды безендірейік.
Жұмбақтарды шешеді.
қар
аққала
Дауысты , дауыссыз дыбыстарға ажыратып, буынға бөледі.
Пішіндерді еске түсіріп, құрастырады.
Ойланып, пікірлерін білдіреді.
-Елбасы күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі.