Бөлімі: Қазақ тілі Тақырыбы: Көкөністер, жемістер Мақсаты



Дата30.04.2018
өлшемі360,31 Kb.
#40321
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 12 балалар бақшасы » КМҚК

Тақырыбы:«Көкөністер, жемістер»

Орындаған: Хусаинова А.Б.



Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Қазақ тілі

Тақырыбы: Көкөністер, жемістер

Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы түсінігін одан әрі кеңейту.
Баланың табиғатқа деген қызығушылығын арттыру. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Табиғатқа, қоршаған әлемге деген жанашырлық сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Күз суреті, тірек-схема, көкөністер мен жемістердің муляждары, күз тақырыбына байланысты слайд.

Билингвалды компонент:күз, жеміс, көкөніс, алтын.

Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Қалдарың қалай?


- Көңіл - күйлерің қалай?
- Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Қанекей, қонақтармен амандасайықшы.
- Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Өте жақсы, балалар! Қонақтармен амандастық, енді осындай тамаша көңіл - күймен шаттық шеңберін құрайық:

Шаттық шеңбері:

Армысың Алтын күн,

Армысың жарқын күн.

Маған жылу, жарық бер,

Қуаныш пен бақыт бер!


  • Жарайсыңдар балалар.

-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын, өзімізді қонақтарға таныстырып өтейік.

Дидактикалық ойын: «Танысу» . Сенің атың кім?-деген сұрақ қойып, балалардан жауап алу.

-Балалар, біз сендермен жасымыздың нешеде екенін қазақша айтуды үйрендік қой, ендеше жасымызды айтып өтейік.



  • - Жарайсыңдар балалар, отыра қойыңдар!
    Балалар, қазір біз сендермен «Сұрақ-жауап» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты қойылған сұрақтарға жауап беру. Мен қай балаға доп лақтырсам сол бала сұраққа жауап береді.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күзде ауа-райы қандай?

- Күз айлары нешеу?

- Күз айларын ата.

- Бүгін аптаның қай күні?

- Ертең аптаның қай күні?

-Апта күндері нешеу?

-Жарайсыңдар, балалар!

-Балалар, біреу есік қағып жатқан сияқты, қане қарайық кім келгенін.

-Балалар бұл келген Дымбілмес , ол сендермен қазақ тілін үйренгісі келеді. Дымбілмеске үйретеміз бе, қазақ тілін?

-Ендеше Дымбілмес сен мына жерге отыр да, балалардың қазақ тілін қалай білетіндерін қара.

-Ал білімімізді біз берілген тапсырмалар арқылы көрсетеміз.



1 тапсырма:«Бір сөзбен ата». Слайдта көрсетілген көкөністер мен жемістерді атап, оларды бір сөзбен айту.

2 тапсырма: Тақтада жемістердің суреті берілген. Балалар тақтада берілген суреттердің түстерін жеке шығып қазақ,ағылшын тілінде атайды.

3 тапсырма: Тақтада көкөністер мен сандар берілген. Көкөністерді санап, сандармен сәйкестендіруі керек, кері санау.

Сергіту сәті: «Қызыл өрік»

4 тапсырма:«Не артық». Слайд арқылы берілген суреттердің ішінен артық көкөністі немесе жемісті табу. Неге артық екенін түсіндіру.

5тапсырма: «Дұрыс жинап ал» Араласып жатқан көкөністер мен жемістерді бөлек-бөлек теріп, екі түсті себетке салу. Көкөністі жемістен ажырату. Оларды салыстыру.

6 тапсырма: «Қандай?» дәмін, түсін айту.



-Жарайсыңдар, балалар біз бүгін қонақтарға да Дымбілмеске де білімімізді көрсеттік.

Схема арқылы сабақты қорытындылау:














Рефлексия: «Смайликтер»

  • Рахмет балалар! Сау болыңдар!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет