Сабақтың тақырыбы: Уақыт Сабақтың мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу



Дата27.12.2016
өлшемі36,63 Kb.
#5947
түріСабақ
Сынып:3

Сабақтың тақырыбы: Уақыт

Сабақтың мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша жаңа сөздермен танысу,

әңгіме жүргізу, сұрақтарға дұрыс жауап беруге

дағдыландыру

Дамытушылық: оқушылардың тілге деген

қызығушылығын арттыру. Сөйлеу тілін қалыптастыру,

логикалық ойлау қабілетін, ұйымшылдық, еңбекқорлық

қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: адамгершілікке,әдептілікке, тілді, елді

құрметтеуге тәрбиелеу. Уақытты дұрыс пайдалануға,

үнемдеуге үйрету, жауапкершілікке баулу.


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ауызекі сөйлесу, түсіндіру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлестірмелі карточкалар

Сабақтың барысы

1 Ұйымдастыру кезеңі


  • Сәлемдесу Бүгінгі сабақты «Жылылық сыйлау» тренингімен ашқым келеді. Яғни қазір біз сендермен танысу ошағын әркім өз есімімізді айтып, жүрегімізден жылу алып жанымыздығы құрбымызға сыйлаймыз.

  • Тамаша, мінекей біз бір-бірімізге кішкене жақын болып қалдық.

Стикер арқылы оқушыларды 2 топқа бөлу

2 Үй жұмысын тексеру (ауызша сұрақтарды беру арқылы)

Септіктер

а) Қазақ тілінде неше септік бар? Оларды атаңдар.

Әр топтың оқушысы бір сөзден алып септейді. Содан кейін бір-бірін тексереді, бағалайды.

б) Фонетикалық жаттығу (хормен айтқызу)

Көк тырна,

Көп тырна,

Тыраулап көп тұрма.

Жаңа сабақ

Кім уақытты бағалай білсе,

Сол ғана биіктерге жетеді... –деген мақалды қалай түсінесіңдер?

(Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады)

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болу мүмкін?



  • Уақыт.

Мұғалім: Дұрыс, адам үшін ең қымбат нәрсе – уақыт.

Уақытты дұрыс пайдалану, үнемдеу, бағалау керек. Сонымен бүгін өтетін тақырыбымыз «Уақыт» деп аталады



Сөздік жұмысы

Бос уақыт- свободное время

Теледидар көру-смотреть телевизор

Өткізу- проводить

Жоспарлау- планировать

Қолөнер- рукоделие

Сурет салу- рисовать

Ән айту- петь

Саяхат- путешествие

Үйрету- учить

Серуендеу- гулять

Өкінішке орай- к сожалению

Кітап оқу- читать книгу

Оқушылар сөздікті бірнеше рет оқып шығып, дәптерлеріне жазып алады.

Берілген сөздермен сөз тіркетерін, жай сөйлемдер құрайды.

Мысалы: ән айтуды ұнатамын, саяхатқа шығу, саябақта серуендеу

Өкінішке орай, менің бос уақытым аз.

Тақтамен жұмыс: балалар құрастырған сөз тіркестері мен сөйлемдерін тақтаға жазады, оқиды.



Мәтінмен жұмыс: «Менің бос уақытым»

Топпен жұмыс 1-топ-оқу, мәтінге сұрақ қою

2-топ- жоспар құрастырады, сұрақтарға жауап береді

Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беру.



  1. Марат қайда оқиды?

  2. Ол бос уақытта не істейді?

  3. Марат уақытты қызық өткізе ме?

  4. Ол нені оқуды жақсы көреді? (кітап)

Кітап -сөзін ауызша септеу, септік жалғауларын анықтау.

Грамматикалық тапсырма: тәуелдеу(жекеше, көпше түрі)

1-топ «Уақыт» сөзін тәуелдейді

2-топ «Демалыс» сөзін тәуелдейді

Тексеру, оқытқызу

Сергету сәті.

Әр топқа бос уақытына байланысты мазмұнды сурет беріледі, сол суреттер бойынша олар әңгіме құрау керек. (ауызша жұмыс)

Үлестірмелі карточкалармен жұмыс: сұрақтарға жауап беру

-Сен спортпен шұғылданасың ба?

-Сен музыкамен әуестенесің бе?

-Сен қандай пәнді жақсы көресің?

-Сен бос уақытынды қалай өткізесің?

-Сен кешке теледидар көресің бе?

Сөз жұмбақты шешу

1.Киіз үйдің жабдығы (уық)

2.Ұлттық ойын (асық)

3. Жабайы аң (қасқыр)

4. Посуда (қазақша) (ыдыс)

5. Доска (қазақша) (тақта)

Балалар жауаптарының бірінші дыбыстарын алғанда қандай сөз шықты?

Уақыт-деген сөз шықты.

Қорытынды жасау: Бүгінгі сабақта не білдік? неге үйрендік?

Оқушыларды бағалау



Үйге тапсырма: «Менің бос уақытым» тақырыбына шағын әңгіме жазындар.

Сөздік жаттау.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет