1. Атом ядросының құрамы, зарядтары, массасы



бет11/56
Дата16.12.2022
өлшемі3,96 Mb.
#162957
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
Ядеркаааааааааааааааааа
реферат футбол ойыны, 1-2-kaz, 6. Ақтөбе. Алтын түлек тапсырмалары 10 сынып 2022 ж, 0-дік бақылау жұмыстары. Тарих және қоғамдық пәндер бірлестігі., 15-12 09-07
10. Ядроның радиусы. ядроның сызықтық мөлшерін анықтау үшін оның радиусы деген ұғым енгізілді. ядроның радиусының бірінен-бірі өзгеше бірнеше анықтамасы бар. Олардың ішіндегі ең көп таралғаны және физикалық мәні ең анығы электрлік орташа шаршылық радиус Rэл. Ядроны біркелкі зарядталған орташа шаршы радиусы R сфера деп есептеп, ода қайсыбір, электромагниттік әсерлесу салдарынан ғана болатын процесс мысалы, электронның шашыратылуы, теориялық есептеледі. Салыстыру кезінде тәжірибемен ең үйлесімді нәтиже беретін R=Rэл ядроның орташа шаршылық радиусы есебінде қабылданады. Әрине, бұлай анықталған радиус ядродағы протондардың ғана таралу радиусы болады. Ядроның электрлік радиусын анықтаудың тағы бір әдісі ол -атомның, бір электроны мюонмен алмастырылған атомның спектрін зерттеу. Мюон массасы электронның массасынан 207 есе үлкен, ядролық әсерлесуге қатыспайтын бөлшек. Массасы 207 есе артық болғандықтан мюон ядроға сонша есе жақын қозғалады, тіпті уақытының елерліктей бөлігін ядроның ішінде өткізеді. Сондықтан -атомның спектрі ядроның құрылымы туралы, кәдімгі атомның спектріне қарағанда, көбірек мәлімет береді.Ядроның электрлік шаршы радиусы туралы мәліметті айналық ядролардың байланыс энергияларының айырмасынан да алуға болады. Олардың байланыс энергияларының айырмасы Кулондық әсерлесу энергияларының айырмасы:
(2.45). Ауыр -активті ядролардың радиусын ыдырау  тұрақтысы да анықтайды. Тәжірибелер ядролық әсерлесуге тартылыстық сипат тән, олардың аса қарқынды және қысқа әсерлік (әсерлесу қашықтығы 10-15м шамалас) екенін көрсетеді.Ядродағы нейтрондардың (дәлірек нуклондардың) таралуын зерттеуге ең ыңғайлы оқ нейтрондар болады. Ядроға түсетін нейтрондардың b көздеу қашықтығы ядроның R радиусынан артық болса, нейтрон ядромен әсерлеспей, өзінің алғашқы бағытын өзгертпей өтеді деуге болады. Ал b < R үшін керісінше нейтрон ядромен қарпылады. нейтронның ядромен шашыратылуының t қимасынан, ядроның "нейтрондық" радиусының Rнейтр байланысы (2.46) болуы керек. Бірақ бұл дұрыс емес. Нейтронға барлық басқа микробөлшектер сияқты кванттық қасиеттер тән. Кванттық эффектілер, әсіресе, баяу нейтрондар ( Rнейтр) үшін, көбірек байқалады. Баяу нейтрондар үшін әсерлесудің көлденең қимасының энергияға тәуелділігі қатты байқалады, өте баяу (  0,01эВ) нейтрондарды шашырату қимасынан кейбір ядролар үшін радиустың қисынға келмейтін (0,310-12м) мәндері шығады. Осыдан нейтрондық оқтардың көмегімен ядроның радиусын анықтау үшін, оның энергиясын   Rнейтр болатындай етіп жоғары алу керек. нейтрондар ядромен әсерлесу кезінде олардың де Бройль толқынының дифракциясы байқалады. Есептеулер мұндай дифракциялық шашыратылудың көлденең қимасы (2.47) болатынын көрсетеді. Сонда нейтрондардың шоқтан шығуының толық қимасы (2.48) болады. Осы өрнекті пайдаланып нейтрондардың затпен шашыратылуының көлденең қимасынан ядроның ядролық әсерлесу үшін радиусын табуға болады. Осындай әртүрлі әдістермен анықталған ядролардың радиустары бір-біріне өте жақын мәндер береді және ядроның радиусының оның массалық санының текше түбіріне пропорционал екенін көрсетті: (2.49) Ал ядроның радиусының оның массалық санының текше түбіріне пропорционалдығынан, ядролық заттың тығыздығының барлық ядролар үшін бірдейлігі шығады. Оның мәні кг/м3. Осындай зерттеулер протондардың тығыздығы ядроның ортасы үшін біркелкі, ал оның шетіндегі 2,410-15м қабатта біртіндеп 0-ге дейін төмендеп, шайылған диффуздық қабық құратынын көрсетті. Мұндай таралу (2.50) формуласымен берілетін таралумен ең жақсы үйлеседі. Мұндағы R0 -ядроның центрінен оның тығыздығы екі есе кемитін жерге дейінгі қашықтық, =0,55фм-ядроның тығыздығының оның центрінен қашықтыққа тәуелді кему жылдамдығы. Тәжірибелер барлық зерттелген ядролар үшін R0=1.08A1/310-15 м мәнін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет