Курстық жұмыстың мәні. Орта ғасырдың соңға жылдарына дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп - лауазымды қызметкерлердің қорытынды есебін тындауға тиісті кызметкерлерді «аудитор» деп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. Өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан ор түрлі етіп жазуға, өзгертуте болады деп тусінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазактың: «бет көрсе - жүз ұялады», - деген ұлы сөздің мағынасы осы негізде келетін шығар, екіншіден «тындаушы» мен саған «сенемін» - деген, ал өз кезегінде есеп беруші «сеніміңізді» ақтаймын» — деген адамгершілік касиет негізінде алынған деп тұжырымдауға болады.