Аудиттің мәні және дамуы
Аудит біздің елімізде жақында пайда болғанмен, оның жеткілікті үлкен тарихы бар және әр түрлі аудармада «audio» деген латын сөзі «ол тыңдап тұр» немесе «тыңдаушы» деген мағынаны білдіретін «аудит» түсінігін береді.
Дүние жүзінде ең бірінші болып аудиторлық қызметті құрған ел – Қытай мемлекеті.
Ежелгі Қытай тарихи жазба біздің эрамызға дейінгі 700-ші жылдары мұнда Бас аудитор қызметінің болғанын білдіреді. Оның негізгі міндеті: мемлекеттік ақша мен мүлікті пайдалану құқығы бар өкімет шенеуліктерінің адалдығына кепілдік беру еді.
Кейбір авторлар аудиттің пайда болуын бухгалтерлік есептің арнайы ғылыми білімінің бір саласы ретінде қалыптасу кезеңіне апаруға болады деп санайды. Бухгалтерлік есеп туралы кітапты атақты итальян математигі Лука Почоли (1445-1515) жазған.
Алғашқы тәуелсіз аудиторлар ХІХ ғасырда Еуропа акционерлік компанияларында пайда болды. Аудиттің пайда болуы компанияларды басқарумен тікелей шұғылданушылардың мүддесін қолдаумен және олардың қызметіне ақша салушылармен (акционерлер, инвесторлар) байланысты. Әр түрлі компаниялардың жиі зиян шегулері, әкімшілік тарапынан алдаулар қаржы салымдарындағы тәуекелді жоғарлатты. Акционерлер әкімшілікпен ұсынылған есеп беру компанияның шын мәнісіндегі қаржы жағдайын толық көрсететіндігіне, оларды алдамайтындығына кәміл сенімде болғысы келді.
Қаржылық ақпараттың дұрыстығын тексеру және қаржылық есеп беруді растау үшін адамдар шақырылды, оларға акционерлердің пікірлері бойынша, сенуге болатын еді. Аудиторға қойылатын басты талаптар: - мұнтаздай әділдік және тәуелсіздік. Бастапқыда бухгалтерлік есепті білудің негізгі мәні болған жоқ, бірақ бухгалтерлік есептің күрделіленуіне байланысты кәсіби аудиторларды даярлау қажетті шарт болып табылды.
Аудиттің тарихи отаны – Англия. Өйткені мұнда 1844 жылы «компания туралы» заң шыққан, соған сәйкес акционерлік компанияның басқармасы жылына бір рет арнайы адамды бухгалтерлік шоттарды тексеру және акционерлер алдында есеп беру үшін шақыруға міндетті.
1854 жылы Шотландия астанасы Эдинбургте бухгалтерлер мен аудиторларды біріктірген «Бухгалтерлер» қоғамы құрылды.
1862 жылы алғаш рет «Аудит туралы» заң қабылданды. Ол аудиттің әрі қарай дамуына жол ашты.
Ресейде аудитор қызметі І Петрмен енгізілген. Аудитор қызметі іс қағаздарын жүргізушінің, хатшының және прокурордың кейбір міндеттерін атқарған. Ресейде аудиторларды ант (серт) берген бухгалтер деп атаған. Аудиттің институтын ұйымдастырудың әрекеттері (1889, 1912 және 1928 жж.) сәтсіз болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс бухгалтер-аудиторлар қызметінің қажеттілігін күшейтті. Бұл кезеңде аудиторлық тексерудің сапасына талаптар тез арада күшейе түсті және оның міндеттілігі, осы қызметке нарықтық қажеттілік көтерілді. Бұл дағдарыс біткеннен кейін барлық елдер іс жүзінде жылдық есептегі ақпараттың көлеміне міндетті талаптар және бұл есептер мен аудиторлар қорытындыларының міндетті түрде жарық көруін енгізе бастайды. Аудит алаяқтыққа қарсы күшті құрал болады.
Әлемдік практикада аудит өз дамуының үш кезеңінен өтті.
Аудиттің дамуының бірінші кезеңі 40-шы жылдың аяғына дейінгі кезеңді алады және ол көбінесе құжаттарды тексеруден жазылған ақшалай операцияларды дәлелдейтін және бұл операцияларды қаржылық есепте дұрыс топтастырудан тұрды. Бұл растайтын деп аталатын аудит еді.
Әлемдік аудитті дамытудың екінші кезеңі 1949 жылдан басталады. Бұл кезде тәуелсіз аудиторлар компанияларда көңілді ішкі бақылау сұрақтарына бөле бастады. Аудиторлық фирмалар тікелей аудиторлық тексерілуден гөрі, көбінесе ақыл-кеңес беру қызметімен айналыса бастады. Бұл кезеңде аудит жүйелі – бағытталған аудит, - деп аталды.
Үшінші, аудитті дамытудың қазіргі заманғы кезеңі 70 жылдардан басталады, оның бағыты – тексеруді жүргізудегі мүмкін тәуекел немесе ақыл-кеңес беруде, тәуекелді ескерту және есеп беруде қате тәуекелінен аман болу, бұл кезеңде клиенттің бизнесінің шарты бойынша таңдамалы тексеру жүргізіледі, көбінесе қателер және алаяқтық тәуекелі өте жоғары. 70 жылдардың басында аудиторлық стандарттар құрастыру басталды.
Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты аудит туралы алғашқы еске алу 1987 жылы Одақ үкіметінің №48 және №49 қаулыларында пайда болды, мұнда бірлескен кәсіпорындарды Советтік аудиторлық ұйымымен тексерудің қажеттілігі көрсетілді.
Жарты жылдан кейін ССРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысымен алғашқы советтік аудиторлық ұйым «Инаудит» құрылады. 1987-1989 жылдар бойы аудит бойынша көптеген заңды нормативтердің жобалары даярланды және ұсынылды, бірақ олардың қабылдануы әр түрлі себептермен кейінге қалдырылып отырылды. Тек 1990 жылдың соңында ғана аудит өкіметтің есіне түсті. Қазіргі кезде Ресейде аудиторлық қызмет РФ Президентінің 1993 жылғы 3 қарашадағы №1105 «Ресей Федерациясында аудиторлық қызметті реттеу туралы» нұсқауымен және РФ Президентінің1993 жылы 22 желтоқсанындағы № 2263 «Ресей Федерациясындағы аудиторлық қызмет туралы» Жарлығымен бекітілген Ресей Федерациясындағы аудиторлық қызметтің уақытша Ережелерімен реттелінеді.
Қазақстанда аудиттің пайда болуы 1990 жылы ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінде құрылған шаруашылық есептегі аудиторлық орталықтан басталады. Кейінірек бұл орталық «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясына айналды. Мемлекеттік емес – Аудиторлар Палатасы құрылды. Ол ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстарды жүргізеді.
1993 жылы 18 қазанда Жоғарғы Кеңеспен «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» заң қабылданды. Ал, 1998 жылы 20 қарашада №304-1 қазіргі кездегі күштегі Қазақстан Республикасындағы «Аудиторлық қызмет туралы» Заңға өзгертулер мен қосымшалар енгізіліп қайта қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процесіндегі мемлекеттік органдармен заңды және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасындағы қатынастарды реттейді. 1995 жылы 20-21 шілдеде өткен конференцияда Аудиторлар этика Кодексі және 12 аудит бойынша Қазақстандық стандарттар қабылданды.
2000 жылдың мамыр айында Эдинбургте (Шотландия) Халықаралық бухгалтерлер федерациясының «ІҒАС-2000» кезекті конференциясында ТМД елдерінің арасында бірінші болып Қазақстан Республикасы Аудиторлар Палатасы әлемнің 125-тен аса алдыңғы қатарлы елдерін қамтитын, осы беделді ұйымның толық құқықты жыне шын мәнісіндегі мүшесі болып қабылданды.
Қазақстан Республикасында кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты құрылды. Ол еліміздің практик бухгалтерлерінің біліктілігін жоғарлатады және қайта дайындауын жүзеге асырады. Аудиторлар Палатасы аудиторларға кандидаттарды дайындайды «аудитор» мамандығын беру туралы куәлікті алуға Мемлекеттік Мамандық комиссияға кәсіпқойлық емтихан тапсырыру үшін дайындық жүргізеді.
Қазіргі кезде халықаралық практикадағы сияқты бухгалтерлерді сертификациялау жүргізілуде. Осы бағытта жұмыс істейтін барлық ұйымдардың түпкілікті көздеген мақсаты – бухгалтерлік мамандықтың мәртебесін көтеру және қаржы-шаруашылық қызметті бақылаумен қамтамасыз ету.
2002 жылдың наурыз айында сертификацияланған бухгалтерлер мен аудиторлардың Халықаралық Кеңесі ресми түрде тіркелді. Ол Қазақстан Республикасы, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей және Украина бухгалтерлері мен аудиторлары кәсіби ұйымдарымен құрылды. Қазақстанда Қазақстан Республикасы бухгалтерлер Палатасы мен Қазақстан Республикасы аудиторлар Палатасы ресми түрде тіркелінді. Сертификацияланған пратик бухгалтерлердің немесе сертификацияланған халықаралық кәсіби бухгалтерлердің сертификатын алудың шарттарының бірі – бухгалтерлер Палатасындағы немесе аудиторлар Палатасындағы мүшелік болып табылады. Аудиторлар Палатасының мүшелері – мамандық комиссиясымен сертификацияланған аудиторлар. Мамандық комиссиясы аудиторларға халықаралық деңгейде тест жүргізеді және сертификациялайды. Бұл кәсіби ұйымдардың негізгі қызметі – бухгалтерлік есеп пен аудитті мамандық ретінде алға жылжытуға бухгалтерлер мен аудиторлардың мүддесін қолдауға, бухгалтерлік есеп пен аудит саласында білімді таратуға, тестілеуге, сертификациялауға, кәсіби бухгалтерлер мен аудиторларға қойылатын талаптарды анықтауға бағытталған.
Аудиторлық қызметті жүргізуге лицензиясы бар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқығы бар.
Аудитор – бұл Мамандық комиссиясы мен аттестацияланған және «аудитор» маманы атағы берілгені туралы куәлік алған жеке тұлға (11).
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, қаржылық есеп берудің аудитінен басқа өз қызметі саласы бойынша мындай қызметтер көрсете алады:
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, қайта қалпына келтіру және жүргізу, қаржылық және статистикалық есеп беруді толтыру;
салықтық жоспарлау, бюджетке міндетті төлемдердің есебі, салық деклорацияларын толтыру;
қаржы-шаруашылық қызметті талдау;
қаржылық, салықтық, банктік және басқа шаруашылық заңдылықтар сұрақтары бойынша ақыл-кеңес беру және ақпараттық қызмет көрсету;
бухгалтерлік есепке, салық есебіне, аудитке және қаржы шаруашылық қызметті талдауға қосымша кәсіби білім беру ретунде оқыту;
оқытушылық, ғылыми қызмет;
бухгалтерлік есепті автоматтандыру бойынша кепілдемелер беру, есепті автоматтандырылған түрде жүргізуге оқыту;
ғылыми жете зерттеу, әдістемелік құралдарды және бухгалтерлік есеп, салық салу, шаруашылық құқық бойынша кепілдемелерді баспаға жарыққа шығару;
бизнесті бағалау;
бағалы қағаздар нарығындағы қызмет;
адвокаттық қызметпен байланысты емес, заң қызметін көрсету.
1.2 Аудиттің маңызы мен мақсаты
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:
экономикалық субьектілердің;
салық қызметі тулғасындағы мемлекеттің;
қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушыларды;
аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге, есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.
Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ обьективті қаржылық ақпарат қажет.
Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процесі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа обьектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруду беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
«Аудит - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатымен тексеру» (1).
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мәні, мақсаты, клиентпен қарым-қатынасы, тәуелсіз пікір білдіруі, терең баға беруі, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді (5).
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, аудит көптен бері бар жерде, бұл термин әр түрлі түсіндіріледі. Мысалы, англияда, аудит – тәуелсіз тексеру және кәсіпорынның қаржылық есеп беру туралы ой-пікірін білдіру. Сонымен қатар, аудит тексерудің барлық түрлерінде қолданылады.
Бухгалтерлік есеп бойынша Американдық ассоциациясының аудитінің негізгі принциптері бойынша Комитеті аудитке мынадай анықтама берген: «аудит» - бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы обьективті мәліметтерді алудың және бағалаудың жүйелі процесі (5).
Аудит, американдық мамандардың айтуы бойынша, бұл экономикалық объектінің жұмыс істеуі мен жағдайына туралы ақпарат, және білікті тәуелсіз тұлғамен жүзеге асырылып, ол бекітілген белгілер бойынша осы жұмыс істеудің сапалы жақтары туралы қорытынды шағарады.
Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Белігілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты – кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің баста мақсаты – кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу (5).
Ал, С.А. Искакованың айтуынша, аудиттің басты мақсаты – ұйымның қаржылық есеп беруінің дұрыстығын және шындығын анықтау, сонымен қатар ұйыммензаңдар мен шаруашылық құқықтың нормаларын және Салық Кодексінің сақталуын бақылау. Кейбірде, аудит – қаржылық есепті пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелді ыңғайлы деңгейге дейін төмендету процесі (яғни, қаржылық есептерде өтірік немесе дәл емес мәліметтер кездесетіндігі болу мүмкіндігі) деп түсіндіріледі (11).
Сонымен, біздің елімізде аудит – бұл аудиторламер және аудиторлық ұйымдармен қаржылық есеп беруді, заңды және жеке тұлғалардың басқа да құжаттарының дұрыстығын және болған қаржылық және шаруашылық операциялардың Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкестігін бағалау мақсатындағы тәуелсіз тексеру.
Аудитор аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде немесе аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде жүзеге асыруға құқылы.
Аудиторлық ұйым - аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған коммерциялық ұйым деген анықтама Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы № 304-І «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында берілген (1).
Аудиторлар Палатасы – коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым.
Аудиторлар Палатасы – заңды тұлға және жалпы жиналысы оның мүшелерімен қабылданған жарғы (устав) арқылы әрекеттеледі.
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы бойынша, аудиторлық қызметпен Біліктілік комиссиясымен аттестациядан өткен, «аудитор» біліктілігі берілгені туралы куәлік алған және жеке мөрі бар тұлғалар айналыса алады.
Аудиторға кандидаттарды аттестациялау – кандидаттардың кәсіби деңгейін Біліктілік комиссиясымен кәсіби талаптың негізінде емтихан жүргізу арқылы анықтау.
Аудиторға кандидаттарды аттестациялау бойынша Біліктілік комиссиясы оның құрылтайшылары болып табылатын аудиторлар Палатасының Республикалық конференциясында құрылады.
Біліктілік комиссиясының құрамына әр аудиторлар палатасынан бір өкілден кіреді. Ол аудиторлар палатасы Республикалық конференциясында бекітілген нұсқау арқылы әрекет етеді.
Аттестацияға жоғары білімді және экономикалық, қаржылық, есептік – аналитикалық, бақылау-түгендеулік немесе құқықтық салада, соңғы жеті жылдың бес жыл бойы жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар жіберіледі.
Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға лицензия Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталатын сенімді мемлекеттік органмен беріледі.
Аудиторлық ұйымдардың құрамында жұмыс істейтін аудиторлардан лицензия талап етілмейді.
Аттестаттаудан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға хабарлайды және мерзімді баспа басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялайды.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты аудиторға қаржылық есеп берудің бекітілген талаптарға сай барлық маңызды аспектілер бойынша толтырылғандығы туралы ой-пікірін білдіруге мүмкіндік беру. Бұл негізгі мақсат аудит жүргізілетін ұйымдармен келісім-шарттарда дамытылуы мүмкін, себебі аудиторлық қызметтен басқа, аудиторлық ұйымның профилі бойынша қызметтің басқа да түрлері көрсетілуі мүмкін.
Аудиттің міндеті қаржылық есеп беру бойынша ой-пікірін білдіру болып табылады. Аудитор бұл міндетті орындау үшін жүргізілген процедуралардың нәтижесінде жиналған дәлелдерді бағалайды және шешім шығарады. Ол аудитте ақпараттың маңызды бұрмалаушылықтардан аман екендігіне сенімділіктің жоғары деңгейіне жету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |