Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет1/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстан - 2050 қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «мемлекеттің негізгі мақсаттарының бірі болып мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру» еліміздің дамуындағы басым мәселелердің бірі ретінде аталған.

Мемлекет басшысы алғаш рет экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңғыртуды жеделдетуге бағытталған реформаны жалғастыра түсу қажеттілігін, мемлекеттік басқару жүйесін ретке келтіру мен оның тиімділігін көтерудің маңыздылығын 2005 жылғы Жолдауынан бері бірнеше рет атап келеді. Ол басқару функцияларын күшейту негізінде орталық және жергілікті органдардың арақатынасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттің пайда бола бастағанына 6 мың, жазуға 2 мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті.

Тәуелсіз Қазақстан еліндегі мемлекеттік басқару үдерісі де әлемдік тәжірибеге сәйкестеліп, елдің өзіндік ерекшеліктерін ескере дамып келеді.

Қазақстанның мемлекеттілігін реформалау мемлекеттік басқарудың сайма-сай жүйесінің қалыптасу мәселесін өзекті етеді, мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігін көтеруге қызмет ету арқылы оның параметрлерін айқындайды.

Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесін өзгертудің объективті қажеттілігі – мемлекеттік органдардың қызметінің басқаруға икемділігі мен тиімділігін көтеруге қызмет ететін тетіктерді жасау мен енгізу болып табылады. Жетілген технологияны игеруден кез-келген мемлекеттің болашағы айқындалады. Бұл – жүйе: тәртіп (ереже) – техникалық құралдар – іс-әрекеттер – уәждеме (ынталандыру).

Басқару социомәдени (әлеуметтік философия тұрғысынан алғанда) толықтай қабылданатын үдеріс ретінде әлемдік сындарлы – кез-келген көлемдегі басқару жүйесінің әлеуметтік тиімділігін көтеру үшін пайдалы, тарихи және бүгінгі таңдағы тәжірибені таңдау және үлгі етуді болжайды. Қазіргі кезде бұл стратегиялық маңызы бар фактор.

«Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі» пәнін оқыту мемлекеттік басқару саласында, мемлекеттік аппаратта кәсіби қызмет атқару үшін қажетті біліктілік пен тәжірибе алу жолында толыққанды жүйелі білім алуды қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге, мемлекеттік басқарудың қазіргі заманғы кадрларын даярлау үшін мәдениет пен қызметтік этиканың жоғары деңгейі, экономикалық ой-өріс пен қажетті құқықтық дайындық, мемлекеттік қызмет тәжірибесіне ғылыми талдау жасай білу тәжірибесін енгізу талап етіледі.

Пәнді оқытудың негізгі мақсаттарының бірі – басқару мәселесінде ғылыми-тәжірибелік бағыт қалыптастыру. Яғни, оқу барысында тек ғылыми тұрғыдан ғана білімге ие болмай, алған білімін өмірде пайдалануға да қол жеткізу.

«Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі» оқу құралы сонымен бірге ғылыми пән ретінде нақты басқару мәселелерін шешуде тәжірибелік дағды қалыптастыру тәсілдерін де қоса қарастырады.

Бұл еңбек басқарудың – объективті әлеуметтік нақтылық және әмбебап құбылыс, қоғамдық қажетті еңбектің бір түрі, ғылыми және оқу пәні, әлеуметтік маңызды кәсіп пен өнер екенін көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет