Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет14/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.
0015708a-99bffd3c, ¦С¦Ю¦в¦С¦Р¦Х¦Т¦Р ¦Р.¦б. ¦Ь¦¦¦-¦¬¦¦¦¦¦¦TВTВTЦ¦¦ ¦-¦-TБTЫ¦-TАTГ TВ¦¦¦-TА¦¬TПTБTЛ
Мақсатты бағдарламалар – бұл мемлекеттік басқарудың құралы. Олар ресурстар, орындаушылар және орындалу мерзімі бойынша ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-сындарлы, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық-шаруашылық және басқа да кешенді іс-шараларға бөлініп, мемлекеттік, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және мәдени дамуды тиімді шешімдерімен қамтамасыз етеді.

Бұл бағдарламалар мемлекеттік билік органдарының жетістікке жету жолындағы қойған мақсатына бағытталған және экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен маңызды әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған негізгі құрал болып табылады.



Бағдарламалық әдістермен шешуге арналған мәселелерді таңдауда бірқатар белгілер пайдаланылады, атап айтқанда:

- мемлекет немесе өңір үшін іс-шараның аса маңыздылығы;

- бағдарламалық іс-шаралардың жоғары тиімділігі мен түбегейлі жаңашылдығы;

- қарастырылып отырған мәселені нарықтық тетіктерді пайдалану арқылы шешудің мүмкін еместігі;

- бағдарламалық іс-шараларды жүзеге асыру барысындағы салааралық байланыста мақсатты үйлесімділіктің қажеттілігі.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру саласындағы жағдайға келсек, онда іс жүзінде кездесетін бірқатар мәселелерді бөліп алуға болады:

- біріншіден, әлеуметтіктен экономикалыққа дейінгі салалардың барлығын қамтитын мемлекеттік саясат мақсаттарының белгілі бір бөлігіне ғана қол жеткізіледі;

- екіншіден, саясатты жүзеге асыруда көптеген әр түрлі ұйымдар, топтар мен тұлғалар қатысады, бұл олардың қызмет үйлесімділігі үдерісін анықтауда қиындық туғызады. Сонымен қатар, олардың өзара байланысын қиындата түсетін сан алуан құндылықтар мен мүддеге ие;

- үшіншіден, олар мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады.

Қоғамда, мемлекеттің өз ішінде, халықаралық өмірде болып тұратын үздіксіз динамикалық өзгерістер мен халықтың жаңа қажеттіліктерінің туындап отыруы мемлекеттік саясатқа елеулі әсер етіп, оны жетілдіріп отыруға түрткі болады. Мұнда өзгеріс факторларының және осы өзгеріс катализаторы ретіндегі оқиғалардың, бастамалардың, мемлекеттік саясаттағы іс-әрекеттер мен өзгеріс нәтижелерінің контекстіне назар аудару керек. Мұндағы барлық параметрлер бір-бірімен тығыз байланыста және жүйелі түрде жүзеге асырылуда мемлекеттік саясаттың нәтижелілігіне, шынайылылығына ықпал етеді.

Саясаттың өзгеруіне басшылардың дайындығынан басқа да қоғамның, оның жеке әлеуметтік топтарының да даярлығын, әсіресе жаңа саясат олардың мүддесін көздеген болса назардан қалдырмау керек.

Сонымен қатар басшылардың өзгерістерді енгізудегі қабілеттігінің екі факторын – талдамалық қабілеттілігіне және басқару машығына негізделгендігін ескеру маңызды. Ал талдау стратегияны және мақсаттар мен міндеттерді дайындауда, сыртқы ортаның сұраныстарын анықтауда қажет. Саясаттағы өзгерістер, әдетте жоспарлауға, басшылыққа және көз жеткізуге байланысты ұзақ мерзімге созылады. Сондықтан да, басқару сапасы өте қажет. Бұлардың жүзеге асырылуы үшін талдамалы әдістерді пайдалану мен өзгерістерді басқару стратегиясын дайындау талап етіледі. Өзгерістерге деген қарсылық дәрежесі, күрделілік деңгейі, екіұштылығы мен тәуекелділігі жаңалықтың деңгейіне, тереңдігіне және ауқымдылығына байланысты.

Осылайша, өзгерістер түбегейлі және ауқымды болған сайын оның, жоғары тәуекелділігі, күрделілігі, нәтижесінің салдары мен екіұштылығы арта түседі. Сондықтан көптеген мәселелер орындалуына мүмкіндік беретін мұқият дайындықты және нақты шарттарды талап ететін ірі жаңалықтарды енгізуде туындап отырады.



Егер де инновацияларды сыртқы ортаның өзгеру іс-әрекеті кезіндегі сұраныстың дәстүрлі шеңбері мен ұсыныс ретінде қарастырсақ, онда екі негізгі көрсеткішті бөліп алуға болады:

- біріншіден, қажеттіліктер адам өміріндегі түрлі салаларда кездесетін, жаңалықтар енгізу мен жаңару үдерісіне орасан зор ынта беретін өзгеріс;

- екіншіден, орын алған қажеттіліктерді қамтамасыз ететін жаңа өнімдер, тауарлар мен қызметтер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет