Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет11/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Екіншіден, мемлекеттік саясатқа тікелей ықпал ететін сыртқы факторлар. Олардың ішінде мыналар бар (13-сурет):

1. Саяси факторлар:

- мүдде топтары мен лоббистік ұйымдар;

- саяси партиялар;

- бұқаралық ақпарат құралдары;

- қоғамдық ой;

- түрлі элита топтары (қаржылық, аймақтық және т.б.);



2) Институционалдық факторлар:

- биліктің заң органдары (өкілдік);

- атқарушы билік органдары (орталық, жергілікті);

- сот және бақылау органдары;



3) экономикалық факторлар:

- экономикалық бағдарламалар;

- материалдық және қаржы ресурстары;

4) әлеуметтік факторлар:

- әлеуметтік құндылықтар мен нормалар;

- кәсіби этика мен дәстүр;

5) технологиялық факторлар:

- инновациялық технологиялар;

- тауар мен қызметті тарату.

13-сурет. Мемлекеттік саясатқа тікелей ықпал ететін сыртқы факторлар

Сыртқы орта факторлары әр текті әлеуетке ие. Олардың әсер етуі мен қысым жасауы түрлі нысандарда жүруі мүмкін: кей жағдайларда ресми іс-шаралармен, ал кейбір кездері әр текті қарым-қатынас негізінде жүреді және түрлі нәтижелер мен салдарға ие.

Үшіншіден, мемлекеттік органдардың ішінде көрінетін, мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асыру үдерісіне қатысатын ішкі факторлар мен күштер.

Жалпы, демократияны дамыту жоспары мемлекет пен азаматтық қоғам арасында түрлі және бірнеше қарым-қатынасты орнатуды талап етеді, себебі әр тарап әлеуметтік үдерістерді реттеуде белгілі бір қызметтерді және міндеттерді орындайды. Мемлекеттік билік түрлі әлеуметтік салаларды реттейді және оларды басқарады, сонымен қатар, азаматтық қоғамның билік пен саясатқа араласуда көп мүмкіндіктерге ие. Ол оны өзінің институттарын пайдалану арқылы жүзеге асырады (партиялар, мүдде топтары, БАҚ, қоғамдық көшбасшылар және т.б.).

Демократиялық мемлекеттердің түрлі қоғамдық өмір салаларында мемлекеттік саясатты жасауда бақылау және кеңес беру тетігі маңызды рөлге ие, себебі азаматтар мемлекеттік билік органдарына тікелей немесе жанама ықпал ете алады. Мысалы, сайлау, референдум арқылы, тікелей іс-әрекет негізінде, партиялар, топтар көмегімен, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ой арқылы ықпал жасайды.

Мемлекеттік саясатты талдау үдерісі кезінде мемлекеттіліктің дамуының тарихи ерекшелігіне баса назар аударған жөн және осы барлық тарихи кезеңдер кезіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметіндегі қамқоршылық бағытына назар аудару керек. Мемлекеттік бюрократтық пен құндылықтар жүйесі жұмысының стилі ерекше сипатқа ие. Олар ондаған жылдар бойы қалыптасып, басшылардың, сонымен қатар мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің психологиясы мен іс-әрекетіне әсер етеді.

Қоғамдық капиталдың сапалы мазмұны кең мағынаға ие. Олар қоғамдағы ресми емес тәртіпті және нормаларды, әлеуметтік топтар мен таптар арасындағы ұзақ мерзімді қарым-қатынасты, олардың жалпы әл-ауқат үшін іс-әрекет пен саясатты біріктіру қабілетін көрсетеді.

Саясатты қалыптастыру негізгі кезеңдердің бірі болып саналады, себебі саясатты жүзеге асыру сәттілігі мен алынған нәтижелер оның дұрыстығы мен нақтылығына байланысты. Мемлекеттік саясатты жасау 

мемлекеттің реттеу мен ықпал етуін қажет ететін салада негізгі мақсаттары мен басымдықтарын айқындаудан басталады.

Ең бірінші кезекте, қоғамдық мәселелердің өздерін қарастырған жөн және неге олар мемлекеттік билік органдары қызметінің объектісі болатынын түсіну керек. Кез-келген мәселе шынайы өмірде орын алған оқиғалар мен құбылыстар негізінде пайда болады және қоғамның әлеуметтік сұрақтарына жанама түрде әсер етеді. Егер де оқиға болмаса, онда мәселе де жоқ.

Олардың пайда болу себептері мен факторлары көп деп айтсақ та болады. Ол – табиғи құбылыс, әлеуметтік шиеленістер мен үдерістер, ғылыми теория мен жаңалықтар болуы мүмкін және т.б. мәселелер мемлекеттік билік органдарының іс-әрекеті нәтижесінде де пайда болуы мүмкін, әсіресе, егер де олар қоғам мүддесі мен жетекші әлеуметтік үрдістерге қарама-қайшы келген жағдайда. Бірақ, адам үшін оның қажеттіліктері мен қолда бар ресурстар арқылы оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы айырмашылық болған кезде бұл оқиғалар мәселеге айналады. Мәселені тұрақты түрде пайда болатын адам қажеттіліктері мен оларды қоғамның қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы қарама-қайшылық деп айқындауға болады.

Мәселелерді, көп жағдайда, жеке және қоғамдық деп бөледі. Бірақ бұлай бөлу шартты және субъективті. Қоғамдық мәселелерге халықтың үлкен топтары үшін маңызға ие болған мәселелерді айтуға болады. Қоғамдық мәселелерді анықтаудың екі әдісі бар: олар қамтыған адамдар саны, немесе халықтың осы мәселелерді қолдауы, қызығуы, үн қосуы арқылы.

Саяси жүйе міндеттерінің бірі болып қоғамдық мәселелерді анықтау және оларды шешу стратегиясын жасау. Егер де саясаткерлер сәйкестендіру және айқындау қабілетсіздіктерінен мәселені шешу жайында шешім қабылдауды кешіктірсе, онда олар жалпы ұлттық масштабқа ие болып, оны шешуге ауқымды күш пен әдістерді қажет етеді. Әрине, кез-келгенқоғамдық мәселе пайда болған кезде онымен автоматты түрде мемлекеттік билік органдары айналысу керек деген жүйе жоқ, яғни мәселе мемлекеттік мәселе сипатына ие болатындай тетікті қалыптастыру қажет. Бұл мемлекеттік басқарудың өзге маңызды элементімен байланысты – мемлекеттік аппарат іс-әрекетінің бағыттаушысы болатын ең өзекті деген мәселелер тізімін құру немесе күн тәртібін қалыптастыру керек.

Қоғамның шектеулі ресурстары барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді, сондықтан да олар аса маңыздыларын таңдайды. Мемлекеттің оларды анықтау үдерісі саяси күреспен тығыз байланысты. Бұл күреске түрлі әлеуметтік топтар, сонымен қатар, саясаткерлер мен шенеуніктер кіреді.

Қоғамда дәстүрлі деп аталатын мәселелер бар, олар ұзақ уақыт бойы билік өкілдерінің назарынан тыс қалмайды (қылмыс, кедейшілік, аурулар және т.б.). Бірақ, тізімде жаңа мәселелер пайда болады. Бұған дейін мемлекет олармен кездескен жоқ, бірақ олар түп негізінде өзге шешімдерді талап етеді.

Мемлекеттік саясатқа осы мәселелердің өрісі де әсер етеді, себебі олардың біреуі өз өзектілігінен айырылып азаюы мүмкін, ал басқалары, керісінше, өздерінің ауқымдарын кеңейтіп, мемлекеттің әлеуметтік және саяси тұрақтылығына қауіп төндіреді, ал үшіншілері, жасанды сипатқа ие болып, осы мәселелер халық пен билік назарына ілінгенін қалағандар оны белгілі саяси күштерге зорлықпен таңады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет