П. Бурдье қоғамдық мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар қызметінің жалпы жоспарына мына элементтер кіргізеді:
- саяси стратегия мен мақсаттарды жасау;
- балама бағдарламалар шығынын бағалау, оларды талдау;
- кеңес беру, шешім қабылдау және таңдау;
- орындалған істер мониторингі.
Мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты – әлеуметтік топтардың, азаматтар мен олардың ұйымдарының қызметін реттеуге байланысты болады.
Оларға жататындар:
- азаматтарды және олардың қызметі мен жеке меншігін қорғау;
- әлеуметтік белсенділікті қамтамасыз ету;
- халыққа қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісіне жағдай жасау.
Мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен жүзеге асырылуы төрт кезеңнен тұрады немесе кей жағдайда бұл үдерісті «саяси кезең» деп те атайды. Олар бірнеше жалғасты әрекеттерден тұрады:
- 1 кезең – саясаттың қоғамдық проблемалары мен мақсаттарын анықтау (саясаттың ынтагерлігі);
- 2 кезең – мемлекеттік саясатты жасау және оны заңдастыру (саясаттың қалыптасуы);
- 3 кезең – мемлекеттік саясатты жүзеге асыру және мониторинг (саясатты жүзеге асыру);
- 4 кезең – мемлекеттік саясатты бағалау және реттеу (саясатты бағалау).
Егер де осы үдерісті мемлекет пен қоғамдық мәселелер байланысы ретінде қарастыратын болсақ, онда:
- бірінші кезеңде – мемлекет осы мәселелерді (мемлекет үшін мәселені) анықтауы керек;
- екінші кезеңде – оларды шешу жоспары мен стратегиясын даярлау, сонымен қатар саясатты заңды түрде бекіту (легитимдендіру) керек;
- үшінші кезеңде – осы мәселелерді шешу іс-шараларын орындау (мемлекет мәселелер үшін) қажет;
- төртінші кезеңде – нәтижелерді бағалау және өзінің болашақ іс-әрекетін айқындап алуы керек (мемлекеттің бағдарламасы).
Әр кезеңнің мазмұны мен нәтижесі 6 және 7-суретте көрсетілген.
Бірінші кезеңде қоғамдық мәселелерді анықтау және мәселенің қойылуы жүзеге асады. Ол мынаны білдіреді:
- мемлекеттік билік органдары және қоғам үшін сәтсіз жағдайлардың өмір сүруінің объективтілігі;
- мәселені жете түсіну және белгілеу және егер де ол елеулі адамдар санын қамтыса, онда оны қоғамдық мәселеге айналдыру. Мәселені шешу үшін бұл адамдар саяси партиялар немесе топтар қызығушылықтары негізінде өздері ұйымдаса алады;
- мәселенің маңыздылығын және мемлекеттік билік органдары тарапынан оны шешу қажеттілігін жете түсіну.
6-сурет. Мемлекеттік саясаттың қалыптасуы мен жүзеге асырылу кезеңдері
7-сурет. Мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру кезеңдерінің нәтижелері
Жалпы мұнда екі әдіс бар:
- сақтандыру – сараптама және жағдайдың дамуын болжау негізінде алдын-ала іс-шара жоспарлау және жүзеге асыру;
- әсер ету (реактивті) – мәселе қоғам үшін маңызды сипат ала бастаған кезде белсенді іс-әрекетке көшу.
Мәселені шешу қажеттілігін мойындағаннан кейін мемлекеттік билік органдардың қызметінің бірнеше бағыты болуы мүмкін:
- бір әлеуметтік топ қызығушылығына сай іс-әрекет жасау;
- әр әлеуметтік топтың мүддесін есепке алу және олар мүддесін ең жоғары деңгейде қанағаттандыру мүмкіндігі;
- мәселені шешу барысында әр тарап талаптарына келісу;
- мәселені шешу барысында өзінен-өзі реттеледі деп оны шешуден бас тартпау.
Шынайы өмірде бұл жүйенің жалпы сұлбасы өзгеше болуы да мүмкін.
Атап айтқанда:
- кей кездері кезеңдер мен кезең бөлшектері болмауы да мүмкін;
- өзгелерімен салыстырғанда олар кейде кең мағынаға, ал кейде аз сипатқа ие болуы да мүмкін;
- уақыты бойынша қысқартылып немесе ұлғайтылуы да мүмкін.
Сонымен қатар, олар үдеріске араласатын мүшелердің белсенділік деңгейі бойынша да ажыратылады. Көп жағдайда осы кезеңдерді аяқтау талаптары болмайды, сондықтан да оларды ажырату қиынға соғады. Мемлекеттік саясатты жасауда және оны жүзеге асыруда мемлекеттік билік және басқару органдарымен қатар жеке және қоғамдық құрылымдар да қатысады. Бұл
саясатты жасау және орындау үдерісін елеулі дәрежеде қиындатады, себебі бұл құрылымдар өз мүдделерін қорғауды көздеп, кей кездері ақылға қонымды келісімге келу мүлдем қиындайды.
Мәселені кешенді зерттеу, олардың мәселеге әсер ететін ерекшеліктері мен факторларын есепке алу, саясаттың мақсаттары мен міндеттерін анықтау негізінде кез-келген мәселені шешу үшін басым бағыттарды таңдауға және іс-шаралардың жиынтығын даярлауға мүмкіндік береді. Бір уақытта қойылған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын тетік қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |