Сондықтан мемлекеттік басқару (5-сурет):
- философия (мемлекеттің қоғамның саяси құрылымындағы мәні, рөлі мен орнын зерттеу);
- саясаттану (мемлекеттің мәні мен қызметі билік ету категориясы арқылы);
- әлеуметтану (мемлекет – әлеуметтік институт ретінде);
- экономика (өндірісті басқару);
- тарих (даму жолы);
- құқық (рұқсат етілген әрекеттер шекарасы негізінде);
- психология (адамның санасы, мінез-құлқы) сияқты көптеген ғылымдар мен ғылыми пәндерді зерттеу тақырыбы ретінде көрініс табады.
5-сурет. Мемлекеттік басқарудың сипаттары
Мемлекеттік басқару – өркениеттің саяси ұйымдастырылған әлеуметтік феномені. ХІХ-ХХ ғғ. табалдырығында саяси әлеуметтену барысында мемлекеттік басқарудың алдында міндеттер көбейді. Бұл міндеттер қиындатылды, бюрократтық ұйымдастырылудың басқару нысандарынан өзге технократиялық басымдылық пайда болды. Үшінші мыңжылдықта әлемнің әр түрлі елдерінде күнделікті жүріп жатқан жаһандық әлеуметтік реформалардың нәтижесінде мемлекеттік басқару парадигмасы қайта тұжырымдалды. Жетілдіру үдерістері қоғамдық әлемдік дамуды постиндустриялы сатыға әкелді. Бұл жағдайда, ақпараттық ашық қоғамда мемлекеттік басқару рөлі қоғамның барлық аясын қамтиды, оның әлеуметтік шарттылығы, ауқымдылығы және тиімділігі жаңаланған, негізделген түсінікке ие болады.
«Мемлекеттік басқару» түсінігін анықтаудың екі негізгі әдісі бар.
Бірінші әдіс бойынша, мемлекеттік басқару мемлекеттік басқару органдарының қызметі ретінде қарастырылады. Осындай көзқарасты А.Е.Лунев ұстанды. Ол мемлекеттік басқаруды «экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-мәдени, саяси-әкімшіліктік сипаттағы шешімдерді қабылдау үшін адамдардың, мемлекеттік органдардың, мекемелердің, ұйымдардың күштерін үйлестіруге, біріктіруге бағытталған ұйымдасқан іскерлік». Осындай көзқарас «Басқару, әлеуметтану, құқық» монографиясында да айтылады. Онда мемлекеттік басқаруды «мемлекеттік органдар жүйесі негізінде жүзеге асатын мемлекеттік қызметтің көпқырлылығы» ретінде қаралады.
Осы көзқарасқа көптеген ғалымдар қарсы, олардың айтуы бойынша, мемлекеттік басқаруды ықпал ету тіркесі арқылы анықтау керек.
Бұл көзқарасты ұстанушылар қатарына Г.В.Атаманчук жатады. Оның айтуы бойынша «мемлекеттік басқарудың негізі, ең бірінші кезекте, мемлекеттік органдардың қоғамдық қарым-қатынастар мен байланыс белгілері арқылы жүзеге асады». Ю.А.Тихомиров та осындай ұстанымды ұстанды. Ол кез-келгенбасқаруды, соның ішінде мемлекеттік басқаруды да «қойылған мақсаттардың оңтайлы нәтижесіне жету үшін басқару жүйесінің болып жатқан үдерістерге нысаналы, объективті заңдылықтарға негізделуі» деп айтты. В.М.Корельский де мемлекеттік басқаруды «мемлекеттің немесе оның органдарының жоспарлы түрде дамуы үшін жалпы қоғамдық жүйеге немесе жеке салаларына нысаналы түрде, таным негізінде және қоғамға тән объективті заңдылықтарды пайдалануы» деп анықтады.
Шын мәнінде, мемлекеттік басқарудың жоғарыда сипатталған екі әдісінің айырмашылығы жай ғана тіркестерге қатысты дау-дамай емес. Пікірталас негізінде, бір қарағанда бір-біріне ұқсас «іскерлік» және «ықпал ету» түсініктерінде қағидатты түрде айырмашылық жатыр.
Мемлекеттік басқару «іскерлік» ретінде қаралса, біз зерттеушінің назары басқару субъектісінде болатын жағдайға тап боламыз, ал басқару бағынушы объектінің болуы жайында сөз мүлдем қозғамайды. «Іскерлік» мемлекеттік органдардың қоғам өмірін басқару үдерісін жүзеге асыру актілерін ғана көрсетеді, бірақ бағыну объектісіне сезілетін осы іскерлік нәтижесін ескермейді. Соның нәтижесінде мақсат нәтиже емес, іс-әрекет болатын «басқару басқару үшін» деген жағдайға алып келеді. Сұрақты осы тұрғыдан қойғанда, қоғамның мемлекеттік органдар алдына қойған міндеттерді мемлекеттік органдардың жүзеге асыруы барысында тиімділік деңгейі жөнінде сөз болмайды. Бірінші кезекте жеке тұлға мүддесі тұратын дәуірде, мемлекет белгілі әлеуметтік міндеттерді шешетін құрал ретінде қарастырылатын кезеңде мемлекеттік басқару мүмкін емес.
Мемлекеттік басқару түсінігін «ықпал ету» тіркесі арқылы анықтауға да болады. Себебі, бірінші кезекте, мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің тиімділігін бағалау мен бақылауға мүмкіндік береді, мемлекеттік органдар алдына қойылған міндеттерді шешу барысында басқару әрбір бағынушы объектісін есепке алу қажеттілігін мойындауды болжайды. Осындай көзқарас «қоғам мемлекет үшін» деген идеядан емес, керісінше «мемлекет қоғам үшін» деген идеядан шығады және мемлекеттің қоғам қарым-қатынасын шығармашылық және сыни тұрғыда басқаруына мүмкіндік береді.
«Мемлекеттік басқару» термині ғылыми пәнді және мемлекеттік қоғамдық өмірді ұйымдастыру және реттеу сияқты тәжірибелік қызмет саласын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |